Литваның денсаулық сақтау министрі Юрас Пожела 34 жасында өт жолының қабынуынан қайтыс болды.
Министрлік басшысы тамыздың 17-сі күні ауруханаға түскен. Содан бері дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады.
Пожела Литвадағы басқарушы партияның лидерлерінің бірі болатын. Ауырып жатқанына қарамастан ол социал-демократтардың сайлауалды тізімінде болды. 9 қазанда өткен сайлауда партия жеңіске жетіп, Пожела да парламентке өткен-ді.