• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2016

Қазақстан дзюдошылары халықаралық турнирде бірінші орын алды

267 рет
көрсетілді

Польшаның Варшава қаласында өткен Халықаралық турнирде дзюдодан Қазақстан жастар құрамасының мүшелері 5 алтын, 1 күміс, 4 қола медальға ие болып, жалпы командалық есепте медаль саны бойынша бірінші орынмен жарысты аяқтады.  Аталмыш турнирге жастар құрамасының бас бапкері Хатип Арсен бастап барды.  Халықаралық турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған жас спортшылар мынадай: 1 орын - Дамир Болатбеков (55 кг) 1 орын - Айболат Ыстыбай (60 кг) 1 орын - Бауыржан Сағынғалиұлы (66 кг) 1 орын - Барыс Қуан (73 кг) 1 орын - Рысымбет Дінахмет (90 кг) 2 орын - Сұңғат Жұбатxан (66 кг) 3-орын - Айдынбай Қайырберді (55 кг) 3-орын - Бауыржан Нарбаев (60 кг) 3-орын - Негмет Серикбай (66 кг) 3-орын - Руслан Мусаев (73 кг)