• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2016

Байқоңырда ғарышқа тұңғыш сапар жолында мерт болғандарды еске алды

225 рет
көрсетілді

Бүгін - «Байқоңыр» ғарыш кешенінде ғарышқа тұңғыш сапар шегу жолында мерт болғандарды еске алу күні. 24 қазан күні ғарыш айлағының ұшу алаңындағы барлық жұмыс тоқтайды, ешқандай ұшу белгіленбейді және бұл дәстүр 53 жылдан бері өз қалыбын бұзған жоқ. Кеңес космонавтикасының тарихында 1960 жылдың 24 қазаны мен 1963 жылдың 24 қазаны қаралы күн болып саналады. Байқоңыр айлағында зымыран-ғарыштық техниканы сынау кезінде біршама адам мерт болды. Байқоңыр айлағындағы ең үлкен апат 1960 жылы 24 қазанда Р-16 құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынау мақсатында ұшыруға дайындық кезінде болды. Жоспарланған ұшуға 30 минут қалғанда №41 ұшыру алаңында екінші сатылы қозғалтқыш жоспардан тыс іске қосылып кеткен. Шыққан газ бірінші сатылы бакты өртеп, шарпыған өрт 100 метр аумақты қамтыды. Ресми мәліметтер бойынша, апат салдарынан 74 адам қаза тауып, 50 адам жарақаттанған. Кейінірек, алынған жарақат пен күйіктен тағы төрт адам (өзге мәліметтер бойынша 92-ден 126 адамға дейін) көз жұмған. Қаза тапқандар арасында КСРО стратегиялық мақсаттағы зымыран жасағының бас қолбасшысы, артиллерияның бас маршалы Митрофан Неделин де бар еді. Тарихи анықтамаларда апат себебі ретінде қауіпсіздік техникасы ережелерін өрескел бұзу, толық дайын болмаса да, зымыранды Қазан төңкерісі мерейтойы қарсаңында ұшыруды жоспарлағанын атап көрсеткен. Апат туралы мәліметтер мемлекеттік құпия болып саналды және ол туралы ақпараттар алғаш рет 1989 жылы ғана кеңестік БАҚ беттерінде жарық көрді.