• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Сәуір, 2026

Вице-президент қашан тағайындалады? Мәулен Әшімбаев жауап берді

120 рет
көрсетілді

Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін Қазақстанда Вице-президент тағайындау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Вице-президентті тағайындау мәселесі жаңа Құрылтайдың құрылуынан кейін шешіледі, деп жазады Egemen.kz.

Ал оны тағайындау Мемлекет басшысының құзыретіне жатады.

«Жаңа Құрылтай сайланған соң, Мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды. Заңға және жаңа Конституцияға сәйкес шешімдер қабылданады. Атап айтқанда, бұл мәселелер Конституциямызда нақты көрсетілген», деді Мәулен Әшімбаев.

Вице-президент: Әлемдік тәжірибе нені дәлелдеді?

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар