Жыл басынан бері республикалық бюджеттен трансферт есебінде 69,1 млрд. теңге түссе, соның 29,5 млрд. теңгесі - субвенциялар. Ел қазынасынан берілген мақсатты трансферттер 39,6 млрд. теңгені құраса, соның 35,5 млрд. теңгесі - ағымдағы, 4,1 млрд. теңгесі - дамуға арналған қаржылар.
Салықтық түсімдердің 80,2 пайызын (23,9 млрд. теңге) жеке табыс және әлеуметтік салықтар құрайды.
Республикалық бюджеттен зайымдық қаржы есебінде 3,9 млрд. теңге бөлініп, соның ішінде 900,4 млн. теңге «Дипломмен ауылға» жобасына сәйкес ауылға барған мамандарды қолдауға, 919,0 млн. теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамытуға, 1905,8 млн. теңге жылу, сумен қамту жүйелерін қайта құру мен салуға, 152,1 млн. моноқаладағы (Ақсай) кәсіпкерлікті өрістетуге бағытталды. Бұдан басқа тұрғын үй құрылысына қаржы тарту үшін 1,6 млрд. теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар (облигациялар) шығарылды.
Облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 1 қазанға 99,6 пайызға (97,1 млрд. теңге) орындалды. Соның ішінде денсаулық сақтау саласына 19,9 млрд. теңге жұмсалды, бұл - жалпы шығыстың 20,5 пайызы. Осы мерзімде тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде 9,0 млрд. теңге жәрдем берілді. Сол секілді туберкулез, жұқпалы және психикалық аурулармен науқастанатындарға 3,0 млрд. теңге, онкологиялық ауруларға 1,3 млрд. теңге кетті. Денсаулық сақтау нысандарын салу мен қайта құруға 1,0 млрд. теңге қаралды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тоғыз айда 9,7 млрд. теңге (10,0 пайыз) қарастырылып, соның ішінде елді мекендерді газдандыруға 1,2 млрд. теңге берілді.
Білім беру саласына 8,8 млрд. теңге (9,1 пайыз) шықса, соның 4,0 млрд. теңгесі техникалық және кәсіби білім беру, мектептен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бөлінді.
Көлік және коммуникация саласына жыл басынан бері 6,0 млрд. теңге (6,2 пайыз) жұмсалды. Облыстық маңызы бар жолдарды күрделі және орта жөндеуге 5,1 млрд. теңге, автожолдарды күтіп ұстауға 227,9 млн. теңге бағытталды.
Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздік саласына 4,1 млрд. теңге (4,2 пайыз) жұмсалса, соның ішінде ішкі істер органдарының нысандарын салу мен жөндеуге 1,0 млрд. теңге қаралды.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шараларына 2,9 млрд. теңге (3,0 пайыз) бөлінсе, соның ішінде қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге 543,7 млн. теңге кетті.
«Өңірде басқа да салалар мен бағдарламалар бойынша қажетті қаржы бөлініп, оның орындалуы үнемі назарда ұсталуда», - деді Айгүл Бақытжанқызы.