• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2016

ОПЕК Қазақстанды Венадағы келіссөздерге шақырды

261 рет
көрсетілді

ОПЕК ұйымы өзіне мүше емес 12 мемлекетті 29 қазан күні Венада өтетін техникалық кездесуге қатысуға шақырды. Бұл туралы Венесуэла мұнай министрі Эулохио дель Пино мәлімдеді, деп жазды РИА Новости. «Біз Ресей, Әзербайжан, Қазақстан, Оман, Мысыр, Бахрейн, Колумбия, Мексика, Тринидад пен Тобаго, Боливия, Норвегия және Канадаға шақыру қағазын жібердік», - деді министр журналистерге. Аталған елдердің қайсысы қатысуға келісім берді деген сұраққа ол әзірге Ресей мен Қазақстан ғана қатысатынын растағанын айтты. Сонымен бірге, Дель Пино 28 қазан күні ОПЕК елдері өкілдерінің кездесуі өтетінін, ал 29 қазан күні өзге мемлекет өкілдерінің қосылатынын мәлімдеді.