• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2016

Гендерлік теңдікке жету үшін 170 жыл керек

321 рет
көрсетілді

Еңбекақы төлеу, қызметке орналасу көрсеткіші бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы экономикалық теңдікке толық қол жеткізу үшін 170 жыл керек. Бұл туралы кеше Бүкіләлемдік экономикалық форумда айтылды, деп хабарлайды Reuters агенттігі. Бүкіләлемдік экономикалық форумның негізін салушы әрі атқарушы төрағасы Клаус Шваб «Әйелдер мен ерлер әлеммен бетпе-бет келген құбылыстарға бірдей төтеп беру керек, әрі барлық салада тең болуы керек», - деді. Сондай-ақ кеше Бүкіләлемдік экономикалық форум әйелдердің білім алуы, денсаулығы, өмір сүру ұзақтығы, экономикалық мүмкіндіктері мен саяси құқықтары бойынша 144 мемлекеттің ішінде жүргізген рейтинг қорытындысын жариялады. Жалпы көрсеткіште алғашқы бестікте Исландия,  Финляндия, Норвегия, Швеция, әлем бойынша парламентте әйелдерді ең көп қамтыған Руанда тұр. Алғашқы ондыққа Ирландия, Филиппин, Словения, Жаңа Зеландия, Никарагуа енген. Соңғы орындарда Иран, Йемен, Сауд Арабия, Пәкістан мен Сирия тұр. Қазақстан бұл тізімде Аустрия мен Италияның ортасында 51-орынға жайғасқан. Рейтингтің бөлімдерінде экономикалық мүмкіндіктері бойынша 31, білім деңгейі бойынша – 58, денсаулық сақтау, өмір сүру ұзақтығы көрсеткішінде бірінші, саяси өмірге араласуында 77 орында тұр. Бір айта кетерлігі, жалпы көрсеткіште Қазақстан Ресей (75), Қырғызстан (81), Жапонияны (111) артқа тастаған.