• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қазан, 2016

Жас өнертапқыштар Астанада бақ сынайды

381 рет
көрсетілді

Бүгін, 27 қазанда елордада Newenergy global startup fest халықаралық байқауы өтеді, деп хабарлайды egemen.kz "Хабар 24" - ке сілтеме жасап. Шараға қатысуға 45 елден 800-ден астам өтініш түскен. Алайда, 7 сарапшы олардың ішінен 100 стартап-команданы таңдап алды. Енді олар өзара мықтыны анықтау үшін «жасыл» экономика мен баламалы энергетика саласындағы жобаларын таныстырады. Сайыс қорытындысы бойынша үздік 5 жоба іріктеледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, инвесторлар жас өнертапқыштардың жобасын қаржыландыруға ниет білдірген. Айта кетейік, халықаралық байқауға елімізден 5 стартап команда қатысады. "Қазақстаннан, шетелден инвесторлар келеді. Шетелден 30 инвестор келеді. Сол кісілер өздеріне ұнаған жобаларды таңдап алып, сол жобаларға инвестиция құяды деген ойдамын", - дейді «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ бас директорының м.а. Асқар Мұнара.

Соңғы жаңалықтар