• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Жолы болған Жолдас

270 рет
көрсетілді

Ішкі көші-қон саясаты бағдарламасы шеңберінде шалғайдағы Ш.Уәлиханов ауданына биыл 17 отбасы келсе, араларында Кәрібаевтар әулеті де бар. Шаңырақтың иесі Жандос «Жолдасбай Агро» фермерлік шаруашылығына тұрақты жұмысқа орналасып, еңбек десе ерінбейтін елгезектік қасиетімен көріне білді. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауы­лында дүниеге келіп, осы жерде мектеп бітірген. Мамандық даярлау курсында оқып, «В», «С», «Е» санаттағы көлік жүргізушілік куәлігіне ие болған. Ту­ған жерінде механизатор болып еңбек етіп келген ол теріскей жаққа қо­ныс аударғанға дейін осы кәсібінен нәсіп тауып отырған. Бүгінде «Кам­АЗ» көлігіне жүргізуші ретінде қабыл­данып, кәсіби біліктілігіне ұжым риза. – Үкімет тарапынан бір реттік өте­мақы берілді. Жұмыс та, баспана да дайын екен. Біз еліміздің бір қиырына байлық емес, мақсат қуып келдік. Ол – Отанымызды өркендетуге өз үле­сімізді қосу, – дейді қарапайым еңбек иесі. Жаңа қонысқа отағасының соңы­нан отбасының басқа мүшелері де же­тіп, бүгінде Кішкенекөл ауылын­да тұрады. Жандостың жан жары Сәуле – төрт баланың анасы. Алды – 11 жаста, кенжелері – 5 айлық. Ол Шым­кент қаласындағы гу­ма­ни­тарлық-эко­но­микалық колледжді бас­тауыш сынып мұғалімі мамандығы бойын­ша тәмамдаған. Еңбек өтілі – 10 жыл. Балалары есейген соң еңбек етуді ар­мандайды. «Жолдасбай Аг­ро» фер­­мерлік шаруашылығының бас­­шы­­лы­ғы көп балалы отбасына бар­­лық әлеу­меттік жағдайды жасап, бас­­па­­­наға дейін сатып әперген. – Жұмыстан рахат алу, табыс табу – мен үшін үлкен бақыт. Қолдау көрсеткен ағайынды Жолдасбаевтарға ризашылығым шексіз. Олар біз секілді көптеген отбасына көмек көрсетіп келеді. Құшақ жая қарсы алып, елдің, жұрттың қамын жеп жүрген осындай жанашырлар көбейе бергей, – дейді «темір тұлпар» тізгіндеген ақжарқын азамат. Сарман АЯЗБЕКОВ Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы