• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Исламдық қаржыландыруға байыпты бағдар

390 рет
көрсетілді

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) делегация­сы Саудия Корольдігі Жидда қаласында орналасқан Ислам даму банкінің (ИДБ) штаб-пәтерінде ИДБ президенті Д-р Бандар Мұхаммед Әл-Хаджармен және Ислам зерттеу және оқу институты (IRTI), жеке секторды дамыту Ислам корпорациясы (ICD), Халықаралық ислам сауда-қаржы корпорациясы (ITFC), Инвестиция мен экспорттық несиелерді сақтандырудың исламдық корпорациясы, Халықаралық вакуф-қор (WWF) секілді ИДБ-ның еншілес компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесулердің нәтижесінде АХҚО мен ICD аралығында Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында ислам қаржы­лан­дыру қызметтері, банк ісі, капитал нарығы, активтерді басқару, қаржы технологиялары және адам капиталын дамыту бойын­ша тәжірбиемен және біліммен алмасу, ын­тымақтастықты дамыту көзделген. Бұл – бі­рлескен кәсіби қаржылық және ағарту бағ­дарламалары, зерттеулер, семинарлар, квалификацияны арттыру және қызметкерлерді алмастыру бойынша оқу іссапарлар ұйымдастыруды және ынтымақтасып жұмыс істеуді қамтиды. ICD басшысы Халед Әл-Абуди «Мемо­ран­думның мақсаты – қаржылық тауарлар мен қызметтерді кеңейту, оны жеке сек­торға ұсыну, ICD-ге мүше елдердің ислам қаржы қызметтері индустриясын дамытуға ықпал ету арқылы АХҚО-мен арадағы қатынастарды нығайту», – дейді. АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов «АХҚО-ның мақсаты ағылшын құқығы негізінде әлемдік қаржы орталықтарындағы халықаралық талаптарға сай Қазақстандағы және аймақтағы қаржы қызметтерінің дамуы мен өсіміне ықпал ету», – деп атап өтті. Сонымен қатар, ол исламдық қар­жы­ландыруы аймақтық орталық ретінде және ислам қаржыландыру инсти­туттарының дамуы мен жұмыс істеуі үшін жағымды жағдай жасау да АХҚО басты бағыттарының бірі екендігіне тоқталды, деп хабарлады АХҚО-ның баспасөз қыз­меті.