• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы №234

477 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 19 наурыз,  Астана қаласы «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыр­күйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» санитариялық қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ______________Т. Дүйсенова 2015 жылғы 9 сәуір Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №234 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілерін жобалауға, салуға, реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, жөндеуге және пайдалануға, сондай-ақ оларды тұтыну үшін орын беруге байланысты сауда қызметімен айналысатын, ведомстволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға арналған. 2. Осы Санитариялық қағидалар: 1) құрылысқа жер учаскесін таңдау; 2) жобалау, салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау; 3) сумен жабдықтау, су бұру, жылыту, жарықтандыру және желдетуді ұйымдастыру; 4) үй-жайларды, жабдықтарды ұстау; 5) тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, өлшеп-орау және өткізу; 6) өндірістік бақылауды ұйымдастыру; 7) тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, персоналды медициналық қарап тексеру, гигиеналық оқыту кезінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды. 3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) азық-түлік (тамақ) шикізаты – тамақ өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық жолдармен алынатын өнімдер және ауыз су; 2) аспаздық бұйымдар – термиялық өңдеуден өткен және тікелей тамаққа тұтынуға арналған тамақ өнімдері; 3) ветеринариялық құжаттар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат; мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды; жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы жануарға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы беретін, сондай-ақ өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау жөніндегі беретін ветеринариялық анықтама; 4) витаминді-минералды қоспа (премикс) – технологиялық ерекшеліктерді (сусымалылығын сақтау) жасауға арналған ингредиенттер (витаминдер, минералдар, металдар, амин қышқылдары, май қышқылдары, балластты бейтарап заттар) мен басқа да заттар кешені; 5) дайындалған күні – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған күні; 6) дайындаушының техникалық құжаттары – дайындаушы бекіткен сәйкестендіру белгілері көрсетіле отырып, тамақ өнімдерінің атауы, тамақ өнімдерінің ингредиенттік құрамы, қолданылу саласы, физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштері, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіштері, таңбалауға және қаптауға қойылатын талаптар, жарамдылық мерзімі мен сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату шарттарын, технологиялық операцияларды және оларды тамақ өнімдерінің тиісті түрлеріне қолдану жүйелілігін, тамақ өнімдерінің немесе импорттық тамақ өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі жүзеге асырылатын өндірістік бақылау бағдарламасын қамтитын өндіріс процестерінің тізбелері мен сипаттамасы бар тамақ өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жүзеге асырылатын ұйым стандарттары, техникалық шарттар, технологиялық регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер және басқа да құжаттар; 7) дайындықтың жоғары дәрежесі – тұтынуға дайын тағамдар, өнімдер және жартылай фабрикаттар; 8) дайындау орны – шикізатты дайындау және жартылай фабрикатты дайындау жүргізілетін үй-жай; 9) жалған жұмыртқалар – техникалық ақау болып табылатын инкубатордан алынған ұрықтанбаған жұмыртқалар; 10) жартылай фабрикаттар – жылумен өңдеуге алдын ала дайындалған шикі тамақ өнімдері; 11) жеке медициналық кітапша – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын нысанға сәйкес міндетті медициналық қарап тексеру нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін дербес құжат; 12) жұмсақ балмұздақ – фризерде дайындалған және тез мұздататын камерада шынығу процесінен өтпеген сүт өнімі; 13) жұмыртқаның жарылуы (соғылуы) – ішіндегісінің ағып, қабығы және қабық асты қабықшаның тұтастығының бұзылуы; 14) жылдам қызмет көрсететін тамақтану объектісі – дайындығы жоғары дәрежедегі жартылай фабрикаттардан жеңіл дайындалатын тағамдардың, бұйымдардың, сусындардың шағын ассортиментін өткізетін және тұтынушыларға қызмет көрсетуге ең аз уақыт шығындауды қамтамасыз ететін қоғамдық тамақтану объектісі; 15) кертілген – қабығы жарылған; 16) қаптама (ыдыс) – тамақ өнімдерін зақымдалудан, бүлінуден және шығындалудан қорғауды қамтамасыз ететін құрал немесе құралдар кешені; 17) қаптамалау (өлшеп-орау, сұйық өнімдерді құю) күні – тамақ өнімдерінің қаптамаға (ыдысқа) салынған күні; 18) қауіпті тамақ өнімдерін жою – тұтынуға және/немесе оның тағамдық мақсаттарға пайдаланылуын және оған адам мен жануарлардың қол жетімділігін болдырмайтын одан әрі қайта өңдеуге жарамсыз тамақ өнімдеріне әсер ету; 19) қауіпті тамақ өнімдері – қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына және/немесе тамақ өнімдеріне арналған гигиеналық нормативтерге сай келмейтін тамақ өнімдері, сондай-ақ жарамдылық мерзімдері өткен және сақтау режимдері бұзылған немесе санитариялық-эпидемиологиялық және (немесе) ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпсіз емес азық-түлік (тамақ) шикізатынан өндірілген, оны пайдаланған кезде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жол берілмейтін қатер туындайтын тез бұзылатын тамақ өнімдері; 20) қоғамдық тамақтану – тамақ өнімдерін өндіруге, қайта өңдеуге, өткізуге және тұтынуды ұйымдастыруға байланысты сауда қызметі; 21) қоғамдық тамақтану объектісі (бұдан әрі – тамақтану объектісі) – тағам өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, өткізу және тұтынуды ұйымдастыру бойынша объект; 22) меланж – жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызының мұздатылған қоспасы; 23) нормативтік құжаттар – тамақ өнімдерінің, олармен жанасатын материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігіне, олардың қауіпсіздігін бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу және пайдалану, сапасыз, қауіпті тамақ өнімдерін, материалдарды және бұйымдарды кәдеге жарату немесе жою жағдайларына қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар және басқа да нормативтік құқықтық актілер; 24) өнеркәсіптік емес дайындалған тамақ өнімдері – азаматтар үй жағдайларында және/немесе жеке қосымша шаруашылықтарында немесе бау, бақша өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар алған және тек ауыл шаруашылығы базарларында ғана өткізуге арналған жануардан және өсімдіктен алынатын өнімдер; 25) өнімділігі аз тамақтану объектісі (бұдан әрі – өнімділігі аз объект) – отырғызатын орын саны 50-ге дейін және тағамдар дайындау ассортименті шектеулі қоғамдық тамақтану объектісі. Бұл объектілерде тағам дайындау бойынша негізгі өндірістік процесс учаскелік бөлу қағидаты бойынша бір үй-жайда жинақталған; 26) өндірістік бақылау – дайындаушы тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату, өзіне зертханалық зерттеулер мен сынақтар жүргізуді қамтитын жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсету процесінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар; 27) өнім беруші – тамақ өнімдерін өткізетін жеке немесе заңды тұлға; 28) рұқсат етілетін шекті шоғырлану (бұдан әрі – РШШ) – барлық еңбек өтілі ішіндегі күнделікті жұмыс кезінде ауру немесе денсаулық жағдайында ауытқу туғызбайтын зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері; 29) сақтау жағдайлары – дайындаушы белгілеген сақтаудың арнайы тәртібі (қоршаған ауаның ылғалдылығы, белгілі бір жарық режимі және (немесе) қоршаған ауаның температурасы); 30) салқын тағамдар (тіске басар) – екінші рет жылумен өңделмейтін, тамақ ішу алдында салқындатылған күйде, үлестіру кезінде плюс (бұдан әрі – + -нан + дейін) 10-нан жоғары емес + 14 Цельсий градусқа (бұдан әрі – 0С) дейін температурамен берілетін, + 6-дан жоғары емес +80 С дейін температурада тоңазыту шкафтарында немесе камераларында сақталатын тағамдар (салқын тіске басарлар, салқын қайнатпалар, қуырылған, ішіне фарш салынған, сорпа құйылып ұйытылған және басқа тағамдар), тағамдарды дайындау кезінде екінші рет жылумен өңделмейтін, дайын болған өнім пайдаланылады; 31) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа да лас заттармен ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы; 32) санитариялық жарамсыздық – технологиялық операциялар, тасымалдау және жинау барысында бұзылу салдарынан туындаған, тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін болдырмауға әкелетін өнімнің органолептикалық және тұтынушылық қасиеттерінің өзгеруі; 33) санитариялық күн – үй-жайларды күрделі жинау, үй-жайларды дезинсекциялау және дератизациялау қажет болған кезде жабдықтар мен мүкәммалды жуу және дезинфекциялау үшін арнайы бөлінген уақыт (айына кемінде бір рет); 34) тағамдық ингредиент – тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын және дайын өнімде бастапқы немесе өзгертілген күйде болатын, рецептураға сәйкес тамақ өнімдерінің құрамдас бөлігі болып табылатын табиғи немесе жасанды жолмен алынатын химиялық зат немесе жануар немесе өсімдік немесе микроб немесе минерал текті өнім, оның ішінде тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер; 35) тағамдық құндылық – құрамымен және дәмінің артықшылығымен анықталатын, организмді нәрлі заттармен қанағаттандыру дәрежесі; 36) тамақ өнімдерін дайындаушы – ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйым немесе жеке кәсіпкер, оның ішінде алушыларға (тұтынушыларға) өткізу үшін тамақ өнімдерін өзінің атынан өндіруді (дайындауды) жүзеге асыратын және осы өнімдердің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі үшін жауапты болатын шетелдік ұйым немесе жеке кәсіпкер; 37) тамақ өнімдерінің партиясы – белгілі бір уақыт аралығында, тауардың ілеспе құжаттамасы бірге жүретін, тамақ өнімінің қадағалануын қамтамасыз ететін бір өңірлік (мемлекетаралық) стандарт немесе ұлттық стандарт және (немесе) ұйым стандарты, және (немесе) дайындаушының өзге де құжаттары бойынша атауы бір, бірдей буып-түйілген, бір дайындаушы өндірген (дайындаған) тамақ өнімінің белгілі бір саны; 38) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) – технологиялық процестің өзін және онымен байланысты тамақ өнімдерін өлшеп-орау, қаптамалау, таңбалау, сондай-ақ өндірісішілік сақтау және тасымалдау процестерін қамтитын тамақ өнімдерін дайындау процестері (сатылары); 39) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі – адамның өмірі мен денсаулығына зиян тигізумен және қауіпті фактордың іске асырылу ықтималдығы мен оның салдарының ауырлық дәрежесінің үйлесімін ескере отырып, тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айна­лымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы; 40) тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіші – адам денсаулығына және жануарларға қауіп төндіретін химиялық, радиоактивті, уытты заттардың және олардың қосындыларының, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің болуының жол берілетін деңгейі; 41) таңбалау – тұтынушыға ақпарат беретін және тамақ өнімдеріне, тұтыну ыдысына (қаптамасына) түсірілген мәтін, тауар белгілері, шартты белгі мен суреттер, құжаттар, жаднамалар (қосымша парақтар), заттаңбалар, контрзаттаңбалар, кольереткалар, затбелгілер, жапсырмалар (стикерлер); 42) тауар көршілестігі – шикі және дайын өнімдерді бірге сақтауды және өткізуді болдырмайтын, олардың ластануын және тауардың сапасына әсер ететін бөтен иістің енуін болдырмайтын жағдайлар; 43) тез бұзылатын тамақ өнімдері – егер тамақ өнімдерінің жеке түрлеріне Кеден одағының техникалық регламенттерінде өзгеше белгіленбесе, жарамдылық мерзімі 5 тәуліктен аспайтын, адам денсаулығы үшін қауіпті деңгейлерге дейін онда ауру тудыратын микроорганизмдердің, бүлдіру микроорганизмдерінің дамуын және (немесе) уыттардың пайда болуының алдын алу мақсатында сақтаудың және тасымалдаудың (көлікпен тасымалдаудың) арнайы құрылатын температуралық режимін қажет ететін тамақ өнімдері; 44) технологиялық жабдық – өндірістің жұмыс істеуіне қажетті тетіктер, машиналар, құрылғылар, аспаптар жиынтығы; 45) тиеу орны – азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін қабылдайтын орын; 46) толық дайындау орны – жартылай фабрикаттардан дайын тамақ өнімдерін дайындау жүзеге асырылатын үй-жай; 47) ұйымдасқан ұжымдар – ведомстволық тиістілігі мен меншік нысандарына қарамастан тәулік бойы немесе күндіз 4 сағат және одан артық уақыт болатын тұрмыстық, тамақтану, оқу, тәрбиелену, медициналық қызмет көрсету, еңбек етудің бірыңғай жағдайларымен біріктірілген ұйымдар контингенті (денсаулық сақтау объектілері, әлеуметтік қызмет көрсету объектілері: интернат үйлері, оңалту орталықтары, мүгедек балаларға арналған оқу орындары, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, әлеуметтік бейімдеу орталықтары, өнеркәсіптік, құрылыс объектілерінің тамақтану объектілері және т.б.); 48) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама – санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды, оның ішінде адам үшін мекендеу ортасы факторларының, өнімдердің (тауарлардың), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздік және/немесе зиянсыздық критерийлерін белгілейтін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қатынастарды азаматтардың денсаулығын сақтау және қолайлы қоршаған ортаға құқықтарын іске асырудың негізгі шарттарының бірі ретінде реттейтін заңдар және оларға сәйкес қабылданатын өзге де нормативтік құқықтық актілер, санитариялық қағидалар және гигиеналық нормативтер. 4. Осы Санитариялық қағидаларда осы бөлімде арнайы анықтама берілмеген терминдер Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде (021/2011 КО ТР) белгіленген мәндерде пайдаланылады. 2. Тамақтану объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға және қайта жабдықтауға қойылатын талаптар 5. Тамақтану объектiлерiнің құрылысына жер учаскесiн таңдау, жобалау, реконструкциялау және қайта жабдықтау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарына және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 6. Тамақтану объектісінің құрылысын: 1) бұрын олар мал қорымдары, уытты қалдықтарды көму орындары, қоқыс үйінділері, ассенизациялау алаңы, зираттар ретінде пайдаланылған, сондай-ақ органикалық және химиялық сипатта ластанған; 2) радиациялық қауіпсіздік нормативтері жоғары болған; 3) жер учаскесінде күйдіргі ауруы бойынша стационарлық қолайсыз пункттердің топырақтық ошақтары орналасқан; 4) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерден санитариялық ажырауды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған кезде, су басуы ықтимал аймақтарда; 5) сумен жабдықтау көздерінің бірінші санитариялық қорғаныш аймағында орналасқан; 6) қауіпті аймақтарда көмір және басқа шахталардың жыныстарының үйінділері орналасқан жер учаскелерінде жобалауға жол берілмейді. 7. Тамақтану объектісін орналастыру кезінде халықтың өмір сүруінің санитариялық-гигиеналық жағдайларын нашарлатуға жол берілмейді. Тамақтану объектілерін салу, реконструкциялау, кеңейту «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-1-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысын алған кезде тамақтану объектілерін салу, реконструкциялау және кеңейту жобалары бойынша жүзеге асырылады. 8. Тамақтану объектілерін жеке тұрған және жапсарлас салынған ғимараттарда да, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ішіне салынған үй-жайларда да, сондай-ақ ғимараттардың бірінші, жертөле және цокольды қабаттарында орналастыруға жол беріледі. 9. Жалпыға бірдей қолжетімді тамақтану объектілерін тұрғын үй, қоғамдық немесе өндірістік ғимараттардың ішіне салуға немесе жапсарлас салуға тамақтану объектісінің де, ол ішіне салынатын ғимараттың да барлық функционалдық сипаттамаларын сақтай отырып, қажетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда жол беріледі. Тамақтану объектілерін: 1) тұрғын үйлерде – ішіне салынған немесе ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда, сондай-ақ ғимараттардың (құрылыстардың) белгілі бір түрлеріне қойылатын нормативтік талаптарды ескере отырып, жобалауға арналған тапсырма бойынша; 2) жерасты өту жолдарында – олар коммуникацияның инженерлік жүйелеріне қосылған жағдайда жол беріледі. 10. Аспаздық өнімдерді сатуға арналған үй-жайларды мейрамханалар мен асханалар құрамында да, өзге мақсаттағы ғимараттарда да көздеуге жол беріледі. 11. Тамақтану объектілерінде кремі бар кондитерлік бұйымдарды тәулігіне 300 килограммнан (бұдан әрі – кг) асырмай дайындайтын, ұннан жасалатын кремі жоқ кондитерлік бұйымдарды 500 кг-нан асырмай дайындайтын өнімділігі аз кондитерлік цехтарды орналастыруға жол беріледі. 12. Тұрғын ғимараттарда орналасқан тамақтану объектілерінде шикізат пен тауарларды тиеуді терезелері жоқ тұрғын ғимараттың бүйір жағынан және/немесе жерасты туннелдерінен және/немесе магистральдар жағынан арнайы жүк тиеу үй-жайлары болған жағдайда жүргізеді. 13. Тұрғын үй ауласы жағынан шикізат пен тауарларды тиеуге жол берілмейді. Өнімділігі аз объектілер үшін оның жұмысы басталғанға дейін көше беттегі кіреберістен тиеуге жол беріледі. 14. Жерасты қазба жұмыстарында жұмыс істейтін адамдардың тамақтануын ұйымдастыруға арналған жерасты тамақтану объектілері ауасы барынша аз шаңданатын, ауаның таза ағынында орналасқан жерлерде орналастырылады. 15. Құрылыс алаңдарында, маусымдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдарға арналған тамақтану объектілері дайындау кәсіпорындарынан немесе асханалардан жартылай фабрикаттарды алуға есептелген толық дайындау орны ретінде жабдықталады. Жартылай фабрикаттарды жеткізетін кәсіпорындар болмаған жағдайда шикізатты пайдалануға жол беріледі. 16. Құрылыс объектісінде, маусымдық жұмыс объектісінде дайын тамақты тарату пунктін ұйымдастыруға жол беріледі, оның тамақтанатын залының жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету негізінде құрылады. 17. Құрылыс алаңдарында, маусымдық жұмыс объектілерінде жұмыс істейтін адамдарға арналған тамақтану объектілерін жұмыс сипатына байланысты стационарлық және жылжымалы етіп ұйымдастырады. Стационарлық тамақтану объектілерін ғимараттарда немесе уақытша типтегі құрылыстарда (жиналмалы типтегі үйлер, жеңіл ағаш құрылыстар, ал жазғы уақытта қалқа, тент астында) орналастырады. Стационарлық уақытша тамақтану объектілерін тек қызмет көрсетілетін объектінің құрылысы, маусымдық жұмыс аяқталғанға дейінгі мерзімге ұйымдастырады. 18. Жылжымалы тамақтану объектілері арнайы жабдықталған вагон-асханаларда ұйымдастырылады. Жылжымалы тамақтану объектілерінің бірнеше құрылыстың жұмысшыларына ағымдық кесте бойынша қызмет көрсетуіне жол беріледі. 19. Тамақтану объектілерінің ғимараттарында тұрғын үй-жайларды, сондай-ақ қызметі қоғамдық тамақтанумен байланысты емес үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді. 20. Тамақтану объектілерінің аумағы абаттандырылады, таза ұсталады. Аумақта объектінің шаруашылық аймағындағы арнайы бөлінген жерде, үш жағынан тұтас қабырғамен қоршалған, су өткізбейтін жабыны бар, қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған қақпағы бар бөлек контейнерлерді орнатуға арналған алаң көзделеді. Қоқыс пен тамақ қалдықтары кейіннен өңделіп және дезинфекциялана отырып, контейнерлердің толу шамасына қарай шығарылады. Кіретін жолдар мен жаяу жүргінші жолдары атмосфералық жауын-шашын сулары суағарларға ағатындай етіп қатты жабыннан жасалады. 21. Тамақтану объектісінің аумағын жинау күнделікті жүргізіледі, жылдың жылы кезінде су себіледі, қысқы уақытта қар мен мұздан тазартылады. 3. Сумен жабдықтауға, су бұруға, жарықтандыруға және желдетуге қойылатын талаптар 22. Тамақтану объектiсінің ғимараты орталықтандырылған суық және ыстық сумен жабдықтау жүйелерімен және су бұрумен жабдықталады. 23. Елдi мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда ішкі су құбыры және су бұру құрылғысымен жергілікті су көзінен алынатын суды пайдалануға жол беріледі. 24. Су құбыры жоқ елдi мекендердегi тамақтану объектiлерiн сумен қамтамасыз ету үшiн сумен жабдықтау көзi санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде таңдап алынады. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығы үшін әкелінетін суды пайдалануға жол беріледі, оны әкелу таңбаланған арнайы ыдыстарда, арнайы автокөлікте жүргізіледі. 25. Ауылдық және ішінара кәрізделген жерлерде сарқынды суды жинау үшін су өтпейтін қазылған шұңқырлар жабдықталады. Қазылған шұңқырларды тазарту олардың үштен екі көлемінен астамы толтырылған кезде жүргізіледі. 26. Ауыз суды тасымалдауға және сақтауға арналған ыдыстар тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады. 27. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады. 28. Ыстық және суық су араластырғыш орнатыла отырып, барлық жуу ванналарына және раковиналарға, сондай-ақ қажеттi технологиялық жабдыққа жүргiзiледi. 29. Су жылыту жүйесiндегi ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін пайдалануға жол берiлмейдi. 30. Тамақтану объектiлерi өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды су үшін алаң ішіндегі кәрiз желісіне өз бетінше ағатын су бұрудың бөлек жүйелерімен жабдықталады. 31. Өндірістік ағынды шығару деңгейі шаруашылық–нәжістік ағындарды шығару деңгейінен жоғары етіп жабдықталады. 32. Төгу траптары, жуу ванналары, раковиналары, санитариялық аспаптары бар үй-жайларды тамақтану объектісінің іргесіндегі алаң ішіндегі кәріз деңгейінен төмен орнатпайды. 33. Кәріз желілерінің бітеліп қалуының алдын алу мақсатында ғимарат сыртында, сыртқы кәріздік желіге түскенге дейін өндірістік ағындар шығатын жолдарда: 1) залының сыйымдылығы 500 және одан көп орыннан тұратын жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін; 2) залының сыйымдылығы 200 және одан көп орыннан тұратын шикізатпен жұмыс істейтін тамақтану объектілері үшін май және езінді ұстағыштар орнатылады. Өнімділігі бір ауысымда 2 тоннаға дейін болатын тамақтану объектілерінің көкөніс цехтары үшін құм ұстағыштар орнатылады. 34. Тамақтану объектілерін кәрiзделмеген елдi мекендерде орналастырған жағдайда өндiрiстiк және тұрмыстық сарқынды суды бұруға арналған жергiлiктi кәрiз құрылғысы көзделедi. Сарқынды суды қабылдауды жерасты су өткізбейтін қақпақпен жабдықталған сыйымдылыққа (шұңқырға) жүзеге асырады. 35. Ауладағы дәретхана мен су өткізбейтін сыйымдылықты объектінің шаруашылық аймағына орналастырады. 36. Өндiрiстiк жабдық және жуу ванналары кәрiз желiсiне қабылдаушы шұңқыр бетінен кемiнде 20 миллиметр (бұдан әрi – мм) ауа ажырауымен қосылады. Iшкi кәрiз ағынының барлық қабылдағыштарын гидравликалық қақпақпен (сифондармен) жабдықталады. Сарқынды суды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа, сондай-ақ су сіңіргіш құдықтар құрылғысына ағызуға жол берiлмейдi. 37. Санитариялық тораптарды, себезгі бөлмелерін және ылғалды процестер жүргізілетін үй-жайларды тамақтану объектілері қоймасының, технологиялық үй-жайларының және салқындату камераларының үстіне орналастыруға жол берілмейді. 38. Су құбыры мен су бұруды тоңазыту камераларының қоршау конструкцияларына, сондай-ақ осындай камералар мен тамбурлар арқылы салуға жол берілмейді. 39. Ішкі кәріз желілерін төбе астынан, қабырғаларда, сондай-ақ су жүретін транзиттік магистралдарды тамақтанатын залдарда, өндірістік үй-жайларда және тамақ өнімдерінің қойма үй-жайларында орнатуға жол берілмейді. Өндірістік және қойма үй-жайларында кәріз тіреушелері тамақтану объектілерінің тұрмыстық үй-жайлары арқылы тексерілмей сыланған қораптарда қойылады. 40. Қоғамдық тамақтану объектілері үй-жайларының үстіндегі аражабыны арқылы су бұру және су құбырының тіреушелерін салу орындары судан оқшауланған материалдардан жасалады. 41. Жуу бөлмелері, дефростер, тамақ қалдықтарын сақтау камерасында траптар жабдықталады: 100 ш.м. алаңға бір трап (бірақ үй-жайға кемінде біреу). 42. Тамақтану объектілері араластырғыштармен, қол жууға арналған құралдармен, бір рет қолданылатын сүлгілермен және (немесе) электрлі сүлгілермен жарақталған, ыстық және суық су келтірілген раковиналармен: персонал үшін - өндірістік үй-жайларда, келушілердің қолын жуу үшін – санитариялық тораптарда жабдықталады. Отырғызатын орын саны 20-дан асатын объектілерде персонал мен келушілерге арналған дәретханаларды біріктіруге жол берілмейді. 43. Жылдам қызмет көрсететін тамақтану объектілері (жазғы алаңдар, кәуәпханалар, самса, тәтті тоқаш сату орындары, сауда шатырлары, сауда автоматтары, жазғы уақытта демалыс аймақтары, жәрмеңкелер мен мереке күндері жаппай демалу уақытындағы үстелдердегі жылжымалы сауда және т.б.) қоғамдық дәретханалармен немесе биодәретханалармен жабдықталған орындарда орналастырылады. 44. Маусымдық тамақтану объектілерінде уақытша су құбыры мен су бұру жүргізіледі. 45. Өндірістік, қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. 46. Тамақтану объектілерінің сору-сыртқа тарату желдеткішін тұрғын және қоғамдық ғимараттың желдету жүйесімен біріктіруге жол берілмейді. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ішіне салынған тамақтану объектілерінің сору-сыртқа тарату желдеткішін жабдықтау кезінде шуды төмендету бойынша іс-шаралар көзделеді. 47. Отырғызатын орын саны 50 және одан аз тамақтану объектісінде ішке соруды ұйымдастырмастан сыртқа тарату желдеткіші құрылғысына жол беріледі. 48. Сыртқа тарату желдеткіші жүйесі үй-жайлардың мынадай топтары: 1) келушілер; 2) өндірістік; 3) тамақ қалдықтарының камералары; 4) ыдыс-аяқ жуатын машиналардың жергілікті сорғыштары; 5) дәретханалар мен киім шешетін орны бар себезгі бөлмелері үшін бөлек орнатылады. Ыстық цехтардың және жалпы алмасу желдеткішінің, ыстық, салқын тамақ, толық дайындау цехтарының, жуу және басқа да өндірістік үй-жайлардың жергілікті сорғыштарын, сондай-ақ санитариялық тораптардың, темекі шегетін және себезгі бөлмелерінің сыртқа тарату желдеткіш жүйесін бір сыртқа тарату жүйесіне біріктіруге жол беріледі. 49. Тамақтану объектілерінің тамақтанатын залдарында және өндірістік үй-жайларында айтарлықтай жылу бөлінген жағдайда ауа баптау жүйелерін орнатады. Қалған қызметтік үй-жайларды сору-сыртқа тарату желдеткіші жүйесімен жарақтайды. 50. Желдету және ауа баптау жүйелерінің өнімділігін осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үй-жайлардағы ауаны есептеу температурасын және ауа алмасудың жиілігін ескере отырып белгілейді. 51. Желдету және ауа баптау жүйелерін орнату кезінде ластанған аймақ ауасының таза аймаққа түсуіне жол берілмейді, сүзгіштерге және тазалауды немесе ауыстыруды талап ететін басқа да бөліктерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Механикалық сыртқа тарату желдеткіші жүйелерінде берілетін сыртқы ауаны тазалау және оны қысқы уақытта жылыту көзделеді. Сыртқа тарату желдеткіші үшін ауаны алу ең аз ластанған аймақта жерден кемінде 2 м биіктікте жүргізіледі. 52. Жеке үй-жайларда жазғы кезең үшін механикалық желдеткіш ретінде жергілікті сыртқа тарату қондырғылары және/немесе ауа баптағыштар қолданылады. 53. Технологиялық жабдықтардың желдету арналары, ауа өткізгіштері шаңнан, ыстан уақтылы тазартылады. 54. Салқын тағамдарды, тіске басарларды дайындайтын үй-жайларда желдету жүйесін шаңға қарсы және бактерицидті сүзгімен жабдықтайды. Желдету жүйелерінің саңылаулары ұяшықтары ұсақ тормен жабылады. Осы үй-жайларда күн сәулесінің түсуінен қорғайтын ауа баптағыштар мен құрылғылар орнатылады. Үй-жайлардағы рұқсат етілетін температура +18 0С жоғары емес. 55. Тұрмыстық үй-жайларда көбіне табиғи іске қосылатын сыртқа тарату желдеткішінің автономды жүйелері орнатылады. 56. Ылғал, жылу және газ бөлу көздері болып табылатын жабдық және жуу ванналарын қабылдау саңылауларының мөлшерлері зиянды бөлінділер көздерінің мөлшерінен аспайтын сыртқа тарату шатырлары құрылғысы бар оқшауланған сыртқа тарату жүйелерімен жарақталады. 57. Жергілікті сорғыштардың шығарындыларын, егер оның шығыңқы жеріне дейінгі аралық 10 м кем болса, ғимараттың ең жоғары бөлігінің жабыны үстінен кем дегенде 2 м биіктікте жүргізеді. 58. Шаң бөлу көздерін (ұн, қант және басқа да сусымалы өнімдерді) аспирациялық қондырғылармен жабдықтайды. 59. Жүк тиеу экспедициясы, вестибюль үй-жайлары жылу перделермен жабдықталады. 60. Сыйымдылығы кемінде 50 отырғызу орнынан кем тамақтану объектілерінің ғимараттарында қос есік орнатуға жол беріледі. 61. Ауа өткізгіштер, торлар, желдету камералары және басқа да құрылғылар таза, механикалық бұзылуларсыз, тоттану ізідерісіз, герметикалығы бұзылмай ұсталады. 62. Пештердің жанындағы, сондай-ақ қамырды ақырғы ашыту шкафтарының жанындағы жұмыс орындарында шығатын ыстық будан және газдан қорғау үшін тыныс алу аймағы деңгейінде ауа себезгісі ұйымдастырылады. Ауа рециркуляциясына жол берілмейді. 63. Жұмыс орындарындағы жылумен сәулеленумен, ұнды, қант ұнтағын және басқа да сусымалы өнімдерді елеумен байланысты барлық жұмыстар қосулы сору-сыртқа тарату немесе жергілікті сыртқа тарату желдеткіші бар кезінде жүргізіледі. 64. Өндірістік үй-жайлардың ауасындағы зиянды заттардың РШШ-дан асуына жол берілмейді. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы және жекелеген қауіпті сыныптары осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады. 65. Тамақтану объектiлері орталықтандырылған жылыту жүйесімен жабдықталады, ол болмаған жағдайда жергілікті жылытумен жабдықталады. Өзге мақсаттағы ғимараттардың ішіне салынған, ішіне-жапсарлас салынған тамақтану объектілерінің жылыту жүйелерін бөлек орнатады. Жинау, қарап тексеру және жөндеу жүргізу үшін жылытудың барлық түрлері кезінде жылыту аспаптарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 66. Тұрғын үй ғимараттарында, тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған (ішіне-жапсарлас салынған) тамақтану объектілерінде пісіру, жылыту пештерін (плиталар) және қатты отынмен жанатын мангал құрылғыларына жол берілмейді. 67. Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері тамақтану объектісі үй-жайларының микроклиматы мен ауа ортасының рұқсат етілетін жағдайыларын қамтамасыз етеді. Тамақтану объектісі микроклиматының параметрлері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады. 68. Тамақтану объектілерінде табиғи және/немесе жасанды жарықтандыру көзделеді. 69. Адамдар үнемі болатын өндірістік үй-жайларда табиғи жарық көзделеді. Жұмыс күні ішінде жұмысшылар 50 пайыздан (бұдан әрі – %) аспайтын уақыт болатын үй-жайларда табиғи жарықтандырудың болмауына немесе жеткіліксіз табиғи жарықтандыруға жол беріледі. 70. Табиғи жарықтандырусыз немесе биологиялық әсері бойынша жеткіліксіз табиғи жарықтандырусыз (табиғи жарықтандыру коэффициенті кемінде 0,5 %), орналастыруға арнайы негіздеме болған жағдайда өндіріс технологиясына сәйкес жол берілетін өндірістік үй-жайларды (жұмыскерлер үнемі болатын): 1) жасанды жарықтандырумен; 2) эритемді сәулеленуге арналған құрылғымен; 3) жұмыс орындарынан 100 м аспайтын аралықта жұмыс істейтін адамдардың қысқа мерзімдік демалуына арналған табиғи жарықтандыруы бар бөлмелермен; 4) тұрақты жұмыс істейтін ықтиярсыз желдеткішпен жабдықтайды. 71. Жарықтандыру көздері жарық беретін қорғаныш арматурамен жарақтандырылады. Өндірістік үй-жайларды және қоймаларды жарықтандыру үшін ылғал-шаңнан қорғауды орындайтын шам қолданылады. 72. Шамды плиталардың, технологиялық жабдықтың, өндірістік үстелдердің үстіне орналастыруға жол берілмейді. Жұмыс орындарында шағылысуды болдырмайтын қосымша жарықтандыру көздерін орнатады. 73. Жарықтандыру аспаптары, арматура, терезелер мен ойықтардың шыныланған беттері таза ұсталады және ластану шамасына қарай тазартылып отырады. 74. Салқын тағамдарды, кремді дайындаумен, торттар мен тәтті тоқаштарды әрлеумен байланысты тамақтану объектісінің үй-жайларын орналастыру солтүстік-батыс бағдармен жүргізіледі. 75. Ашылатын барлық ойықтарды жылдың жылы мезгілінде жәндіктер кірмеуі үшін алмалы-салмалы қорғаныш қорғаныш торлармен жабдықтайды. 76. Үй-жайлардағы жарықтандыру деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тамақтану объектілерінің үй-жайларының жарықтандыру көрсеткіштерінің рұқсат етілген деңгейлеріне сай қамтамасыз етіледі. 77. Өндірістік үй-жайларды жобалау, реконструкциялау, қайта бейіндеу, жөндеу және пайдалану кезінде шудан қорғау: үй-жайларды дыбыстан оқшаулайтын құрылыс материалдарымен әрлеу, электр қозғалтқыштарды амортизаторларға дыбыс сіңіретін қаптарды қолдана отырып орнату, жабдықтарды діріл сіңіретін іргетастарға орнату, жабдықтарға уақтылы алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу, музыкамен безендірудің шығыс қуаттыын шектеу; аражабыннан 40-50 сантиметр (бұдан әрі – см) арақашықтықта аспалы төбелерді орнату, жабдықты дайындаушы кәсіпорынның паспортында көрсетілген режимдерде пайдалану бойынша іс-шараларды орындайды. 78. Персоналдың тамақтану залдарындағы жұмыс орындарын эстрададан, акустикалық жүйелерден алшақ шуы аз орындарда орналастыру ұсынылады. 79. Үй-жайлардағы жарықтандыру, шу мен діріл деңгейлері Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкес келеді. 4. Объектіні, жабдықты орнатуға және күтіп-ұстауға қойылатын талаптар 80. Үй-жайлардың көлемдік-жоспарлау және конструкторлық шешімдері шикізаттың, шикі жартылай фабрикат­тардың және дайын өнімдердің, пайдаланылған таза және лас ыдыс-аяқтың қарама-қарсы ағынын, сондай-ақ келушілер мен персоналдың қарама-қарсы қозғалысын болдырмайтын технологиялық процестердің ағынын көздейді. 81. Тамақтану объектілерінде шығарылатын өнімдердің ассортиментін объ