• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2016

Дьяченко Ұлттық пантеон аумағына жерленеді

277 рет
көрсетілді

Астанадағы М.Горький атындағы академиялық орыс драма театрында қазақстандықтар мемлекет қайраткері Сергей Дьяченкомен қоштасуда. Сергей Александрұлын ақтық сапарға шығарып салуға Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елорда жұртшылығы келдi. Сонымен қатар қоштасу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Астана әкімі Әсет Исекешев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов және басқалары қатысуда. Мәжіліс төрағасы Н. Нығматулин мемлекет қайраткері Сергей Дьяченконың сүйегі Ұлттық пантеон аумағында қойылатынын хабарлады. Айта кетейік, ол ұзаққа созылған ауыр сырқатынан кейін 26 қазанда қайтыс болған еді.