Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Еуразия геоэкономикасы: түйісуден ынтымақтастыққа дейін» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Онда таяу күндерде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ли Кэцян елімізге келетіні белгілі болды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергеновтің айтуынша, Ли Кэцян сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездеспек. Келіссөздер аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, аталған конференцияда Қазақстан мен Қытай сарапшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың болашағын, негізгі бағыттарын талқылады.