• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2011

Қазақстан – қазақстандықтар үшін

413 рет
көрсетілді

Кеше Алматыда өзінің президенттіктен үміткерлігін қол­дау жөніндегі Қазақстан Пат­риоттары партиясының сай­лауалды штабында Қазақ­стан Республикасы президенттігіне кандидат Ғани Қасы­мов­тың саяси тұғырнамасы көпші­лікке жария етіліп, та­ныс­тырылды. Ғ.Қасымов әуелі өз канди­да­ту­расын республика президенттігіне ұсынып отырған Қазақ­стан­ның Патриоттар партиясы соңғы 12 жылда бірде-бір рет халықтың үміті мен арманын алдамағанын атап өтті. Одан әрі өткен за­ман­ның даналарының бірінің: «Тақ үшін күрес – ел үшін бұрын жа­салмаған жақсылықтарды жа­сауға мүмкіндік беретін іс», деген қанатты сөзін еске сала келе, еліміздің қазіргі кезеңдегі даму стратегиясының тұғырнамасын баяндап берді. Үміткер саяси жүйені жаңар­ту­дың маңыздылығына тоқталды. Осы президенттік сайлауға 9 саяси партияның үшеуі ғана қа­ты­сып отырғандығына алаңдау­шы­лық білдірді. Сөйтіп, өзі президент бола қалған жағдайда жү­зе­ге асыратын ұстанымдарын жүйе­леп айтты. Соның ішінде, ресми тіркелген барлық саяси партиялар Парламентке енетін болады деп сендірді. Партиялардың Парламентке өтуіне 7 пайыздық тос­қауыл заңмен төмендетілмек. Одан әрі Ғ.Қасымов заң шы­ғарушы билік тармақтарына да өзгеріс енгізу қажеттігіне тоқ­тал­ды. Бұл орайда Президент пен Парламент арасындағы келіспеушілікті жою үшін вице-президент лауазымы енгізіледі, ол ав­то­матты түрде Сенат төрағасы бо­лады, Парламент Үкіметті та­ғайындайды және шеттетеді, Үкі­меттің бюджеттері мен есептерін бекітетін болады деп мәлімдеді. Үміткер атқарушы билік жүйесін әлі де болса жетілдіру қажет­тігіне назар аударып, әкімшілік реформалардың жеріне жеткізілмеуін жоямын деп атап көрсетті. Одан әрі ұлттық компаниялар мен холдингтердің, мемлекеттік қорлардың, даму институт­та­ры­ның қызметтеріне толық тексеру жүргізілетіндігін, барлық тексеру жүргізілген компаниялар мен хол­дингтер мемлекеттік қордан алған қаржыларын бюджетке қай­тара­тындығын және өздері бәсеке­лестікке түсетіндігін қадап айтты. Тұғырнамада шетелдік жұмыс берушілерге қатаң талап қоя отырып, еліміздің индустриялық бағдарламасы жалғасын табатын­дығы көрсетілген. Сыртқы саясат саласында бұрынғы қабылданған халықаралық міндеттер орын­дала бермек. Үміткер Астанада осы сала бойынша мамандар даяр­лайтын мемлекеттік Орта­лық Азия университетін ашпақ. Гендерлік саясат та басты мәселе болып қала бермек. Әйел­дердің 55 жаста зейнетке шығу құқын қайтару жөнінде де уәде етілді. Экономикалық реформа­ның ақшалай-қаржы, несие, бюд­жет, өндірістік және ауыл­ша­руа­шылық саясаттарына өзгерістер енгізілмек. Негізгі басымдықтар қарапайым халықтың мүддесіне арналады делінді. Құпия жағ­дайда масқаралықпен жүргі­зі­ле­тін девальвациялауларға арнайы заңдармен тыйым салына­тын­дығы мәлімделді. Сондай-ақ Ұлттық қордағы қаржылардың пайдаланылуын ба­қылау, бұл жағдайды Пар­ла­мент­тің құзырына жатқызу, мұ­найдан түскен пайданың жар­ты­сын білім, медицина, ғылым, инновацияны өркендетуге бағыт­тау, зейнетақы мен мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кемінде 2 есе өсіруге жұмсау ұсы­нылды. Табиғи ресурстар – ха­лық байлығы, олар қоғам кәде­сіне жұмсалуы қажет. Қазақ­стандық компаниялардың қаржы­сы Қазақстанның экономикасына жұмыс істеуі тиіс. Сонымен бірге, тұғырнамада жалпы ел бой­ынша шағын және орта кәсіп­керліктің нәтижелі дамуына бар­лық жағдай жасау көзделді. Са­лық салу жүйесін және салықтық есеп беруді қысқарту бұл орай­дағы алғашқы қадам болмақ. Ғ.Қасымовтың айтуынша, ол мемлекет басына келген жағдай­да қазір жүргізіліп жатқан әлеу­меттік саясат түбегейлі өзгеретін болады. Әл-ауқаты төмендер, мү­гедектер, зейнеткерлер мен ардагерлер лайықты өмір сүру жағ­дайларымен және қаржылық тө­лемдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы жәрдемақылар мен зей­нетақылар қайтадан қаралады. «Ар­дагерлер туралы» заң қа­был­данып, онда соғысқа қаты­су­шы­ларды коммуналдық төлем­дер­ден босату, қоғамдық көлікте тегін жүру және тегін меди­ци­на­лық жәр­дем алу мәселесі қа­расты­рылады. Одан әрі президенттіктен үм­іткер: «Жас отбасыларды арзан әрі сапалы тұрғын үймен қам­та­масыз ету бағдарламасын, сон­дай-ақ ұз­ақ мерзімді 10 жылға арналған, қаражат көзі анық­тал­ған мемлекеттік бағдарламасын қабылдай­мын. Ұзақ мерзімді жеңілдетілген пайызбен тұрғын үй салу мәсе­лесін қалпына келтіремін. Мемлекеттік құрылыс ком­паниялары құрылып, әлеуметтік тегін тұрғын үй жаппай са­лы­натын болады. Бар­лық жеке тұрғын құрылыс са­луға тілек білдірушілерге жер телімдерін тегін беру тәжірибесін ен­гізіп, оларды қымбат емес құ­рылыс материал­дарымен қамта­ма­сыз етеміз», деп мәлім етті. Сонымен қатар, елдің өңір­лерін игерудің жаңа тұжырым­дамасы әзірленіп енгізілмек. Шек­­аралық аумақтарды игеру мақ­­сатында еліміздің аза­мат­та­рына шекара маңында жеңілдік не­сие беру және әлеуметтік шарт­­тар негізінде қайтарымсыз жер телімдерін беру ұсынылды. Ауылдық жерлерде шағын несиелендіру көлемі айтарлықтай ұл­ғайтылмақ. Өндіріс құралдары бірлескен жекеменшікте болған ұжымдық форматтың қалпына келтірілуі ойластырылмақ. Ауыл тұрғындарын несиелеуді жеңіл­де­ту үшін мемлекеттік «Қаз­АгроБанк» ашылмақ. Одан әрі мәдениет, білім беру, ғылым, адамдардың рухани өмірі мемлекеттің басты назарында бо­луы керектігі зерделенді. Ғ.Қа­сы­мов тіл мәселесіне деген өзінің ерекше ілтипатын білдіре келе, елі­міздің әрбір тұрғыны үшін қазақ тілін білу қажеттілік бо­ла­тындай барлық жағдай жасалады, еліміздің барлық азаматтарының мемлекеттік тілді білгендері үшін үш деңгейлі төлемақы жүйесін енгіземін, деді. Президент болған жағдайда өз жарлығымен қазақ тілінің мемлекеттік академиясын құратындығын, сонымен бірге, «Ана тілі» атты мемлекеттік мереке белгіленетінін жария етті. Ел президенттігіне кандидат өз тұғырнамасына «Демократиялы Қазақстан – барлық қазақстан­дық­тар үшін» деген ұлттық идея­ны өзек етіп алыпты. «Мен өз бағдарламамды қалай іске асыру керектігін білемін, маған сенім артсаңыздар, барлық көкейкесті проблемаларды шешуге күш-қуатымды аянбай жұмсауға әзір­мін», деп түйіндеді ол өз сөзін. Қорғанбек АМАНЖОЛ. Алматы.