Кеше палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің бюро отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Алдағы жалпы отырыста депутаттар экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарайды деп күтілуде.
Сонымен бірге, осы күні мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалмақ.
Жалпы отырыста палата жарнама, сондай-ақ, денешынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдайтын болады.