• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2016

Елбасы "Токай" университетінде сөз сөйледі

266 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапары аясында «Токай» университетінде болып, сөз сөйледі. «Маған «Токай» университетінің  Құрметті Докторы атағын тапсырғандарыңыз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін. Мұны дәстүрге бай,  ғылым мен білім орталығы саналатын Жапонияның маған және менің еліме көрсеткен құрметі деп білемін.  Мен Ректор Мырзаға Қазақстан секілді жас елдің мемлекеттік құрылысын бекемдеудегі еңбегіме жоғары баға бергені үшін алғысымды білдіремін.  Біз өз елімізде әу бастан білім саласына айрықша көңіл бөлдік. Себебі, болашақтың кепілі – білімде. Ал «Токай» университеті жастардың білімін жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар, кейінгі буынның дүниетанымын кеңейтуге де ықпал етіп келеді. Университеттің негізін қалаушы ғалым және қоғам қайраткері С. Мацумаэнің соғыстан кейін Жапонияның дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Ол іргелі технологияны ойлап тауып және оның дамуына, ұлттық идеяның жандануына, сол арқылы  елді алға жылжытушы локомотив – экономиканың өрістеуіне ықпал етті. С. Мацумаэнің ядролық қарусыздану саласынадағы еңбегі де елеулі. Бүгінде «Токай» университетінің негізін қалаушы ғалымның идеясы осынау жоғары оқу орнының  Жапонияда ғана емес, сырт елдерде де танымал болуына әсер етті», - деді өз сөзінде Н. Назарбаев.