• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

338 рет
көрсетілді

Бүгін, 17 қарашада республиканың оңтүстік аумақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде  жауын-шашын  жауады. Қазақстан территориясының қалған бөлігінде күннің ашық болуы күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал, жел 15-22 м/с  күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ , бұрқасынмен бірге жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді. Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел тұрып, екпіні 17-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.