• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1404

613 рет
көрсетілді

22 желтоқсан 2010 жыл. Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл  саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының  1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы    іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 284 ҚПҮ қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К. Мәсімов. ____________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1404 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл жасау саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы  13 шілдедегі Заңының 4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Қағида терроризм салдарын алдын алуды,  жолын кесуді, оны барынша азайтуды және (немесе) жоюды ұйымдастыру  тәртібін анықтайды. Терроризмді анықтау, ашу және тергеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің нормаларында, сондай-ақ  өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ведомстволық нормативтік құқықтық актілерінде анықталады. 3. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: терроризм актiсi - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiмдер қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiрiне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында оның өмiрiне қастандық жасау; терроризмге қарсы операция – адам күшiн, қызметтiк иттердi, әскери және өзге де техниканы, қарулар мен арнаулы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актiсiнiң алдын алу, жолын кесу, террористердi, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке адамдар мен ұйымдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм актiсiнiң зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi арнайы iс-шаралар кешенi. Тiзбесi «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзету iс-шаралары да терроризмге қарсы операцияларға жатады; терроризмге қарсы iс-қимыл - терроризмдi анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, терроризмнiң зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою. 2-тарау. Терроризмнің алдын алу тәртібі 4. Терроризмнің алдын алу деп алдын ала өткізілетін және террористік    іс-әрекетті жүзеге асыру тәуекелін мүмкіндігінше барынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, терроризм актісі жасалған жағдайда оның салдарын барынша азайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар түсіндіріледі. 5. Терроризмнің алдын алу: қоғамда терроризмді қабылдамау идеясын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-үгіт насихат жұмысын ұйымдастыру және өткізу; террористік іс-әрекеттерге қатысқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының аумағына енуін болдырмау мақсатында қызметті жүзеге асыру; терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингін өткізу; террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғаудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. 6. Терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары жүргізеді. 7. Ақпараттық-үгіт насихат жұмысы қоғамдық бірлестіктерді, азаматтық қоғамның басқа да инситуттары мен азаматтарды пайдалана отырып, конференциялар, семинарлар, кеңестер, «дөңгелек үстелдер», әңгімелер және қоғамда оның кейіннен таралу үрдісін зерттеумен және талдаумен, уақтылы ден қою шараларын әзірлеумен және қабылдаумен терроризм идеологиясының қылмыстық сипаты туралы халықты хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық хабарлар түріндегі жалпы және жеке профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу жолымен жүзеге асырылады. 8. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнама шеңберінде террористік ұйымдар мүшелерінің не террористік іс-әрекетке қатысқан адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына жеке енуге немесе терроризм актісін жасау құралдарын әкелуге талпыныстары мен ұмтылыстарын уақтылы анықтауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын өткізеді. Ұлттық қауіпсіздік органдары «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 10-бабының         2-тармағына сәйкес террористік іс-әрекеттерге қатысқан шетелдіктер мен  азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салуға құқығы бар. 9. Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органы мемлекеттік органдармен және қаржы мониторингі субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау үшін заңда белгіленген тәртіппен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасайды. 10. Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау кешенді, ұйымдастырушылық, режимдік, күзету, профилактикалық, тәрбиелік, білім, техникалық және өзге де шаралар кешенін, сондай-ақ осы объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуін терроризм актісінің жасалу тәуекелінің алдын алу және барынша азайту, жағдайын жасау мен қамтамасыз ету үшін қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларды білдіреді. 11. Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды: 1) объектіні істен шығару немесе сырттан араласу оның жұмыс істеуінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін шешуші, анағұрлым осал учаскелерін (аймақтарын), құрал-жабдықтарын, технологиялық процестерін анықтау (талдау); 2) объектіні физикалық күзету мен инженерлік-техникалық нығайтылуының тиімді жүйесін құру және өзекті жағдайда қолдау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеу мен тексеру, техникалық күзет құралдарының инженерлік коммуникациялық және кәбілдік желілеріне уақтылы қызмет көрсету, күрделі жөндеу және жаңғырту; 3) объект персоналын терроризм актісі жасалған (қаупі төнгенде) кезде іс-қимыл жасауға оқыту, оларды моделдеу және терроризмге қарсы шаралардың тиісті жүйесін әзірлеу, соның ішінде дабыл және персонал мен келушілерге хабарлау сигналдарын орнату, оларды эвакуациялау тәсілдері, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау; 4) объектінің ақпараттық желілерін, оның ақпараттық өңдеу, сақтау және беру процестерін авторизацияланбаған енуден, бұзылудан, түрлендіруден, қол жеткізуді тежеуден қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық және технологиялық кешенін іске асыру. 12. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етеді. 3-тарау. Терроризмнің жолын кесу тәртібі 13. Терроризмнің жолын кесу терроризмге қарсы операцияларды өткізу жолымен жүзеге асырылады, олар: терроризм актісінің жолын кесу, оның салдарын барынша азайту мен жою жөніндегі терроризмге қарсы операциялар; күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операциялар болып бөлінеді. 14. Терроризмге қарсы операцияларды тікелей өткізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ), Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (бұдан әрі – ПКҚ) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғанысмині) жүзеге асырады. 15. Терроризмге қарсы операцияларды өткізу үшін тұрақты жұмыс істейтін республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астананың жедел штабтары (бұдан әрі – жедел штабтар) құрылады, олардың мәртебесі мен өкілеттігі терроризмге қарсы операциялардың әрбір түрі бойынша ҰҚК-ның, ІІМ-нің, ПКҚ-ның және Қоғанысминінің бірлескен бұйрығымен бекітілетін ережелерде анықталады. Бұл ретте терроризм актісінің жолын кесу және күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операциялар жүргізу жөніндегі штабтар туралы ереже дербес бекітіледі. 16. Егер жоғары тұрған жедел штабтың терроризм актісі жасалған орынға уақытылы келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, обылыстық жедел штаб бекітетін тізбесі бойынша облыстардың елді мекендерінде терроризмге қарсы операцияны ұйымдастыратын және өткізетін қалалық және аудандық жедел штабтар құрылады. 17. Жедел штабтардың күштері мен құралдарының құрамы, жедел топтарды қалыптастыру тәртібі, терроризмге қарсы операцияларға дайындалу барысында және өткізу процесіндегі олардың іс-қимылдарының егжей-тегжейлі тізбесі ҰҚК-ның, ІІМ-нің, ПКҚ-ның және Қорғанысминінің, сондай-ақ өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен нақтыланады. 18. Өзге мемлекеттік органдар терроризмге қарсы операцияларға өз құзыреті шегінде жедел штаб басшысының сұрауы бойынша қаржы қаражатын, ақпарат, көлік және байланыс құралдарын, медициналық жабдық, дәрі-дәрмектер мен медициналық қызмет көрсетуді, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұсыну арқылы қатысады. 19. Терроризм актісінің жолын кесуге тартылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының өзара  іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында терроризмге қарсы әрбір операцияның жеке түрі бойынша жедел штабтың басшысы терроризмге қарсы операция жүргізудің ведомствоаралық үлгілік жоспарын (бұдан әрі – үлгілік жоспар) бекітеді, онда: тартылатын күштер мен құралдардың есебі жүргізіледі, жедел топтардың атауы, адам саны, орналасқан жері, қару-жарағы және техникалық жарақтануы көрсетіледі, олардың басшылары тағайындалады; терроризмге қарсы операциялардың қатысушыларына хабарлау схемасы, жедел штабтың және оның жедел топтарының алғашқы жиналу орны мен орналасатын жері әзірленеді; өзге мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операцияға қатысу деңгейі белгіленеді; терроризмге қарсы операцияны әзірлеу мен өткізудің жалпы тетігі нақтыланады. 20. Үлгілік жоспардың іс-шаралары әртүрлі деңгейдегі терроризмге қарсы оқулар мен жаттығулар өткізу жолымен пысықталады, оның тәртібі ҰҚК-ның, ІІМ-нің, ПКҚ-ның және Қорғанысминінің бірлескен бұйрығымен регламенттеледі. 4-тарау. Терроризм актісінің салдарын барынша азайту және (немесе) жою тәртібі 21. Терроризм актісінің салдарын барынша азайту және (немесе) жою үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес өрт және мамандандырылған өрт бөлімдері, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел құтқару бөлімшелері, ерікті құтқару құралымдары, әуе, су немесе темір жол көліктерінің тиісті бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың жедел ден қою жасақтары қалалық (аудандық) коммуналдық қызметтердің авариялық-техникалық командаларымен бірлесіп тартылады. 22. Терроризм актісі жасалған кезде халықты медициналық қамтамасыз етуді апат медицинасы қызметінің мекемелері мен құралымдары – жедел медициналық көмек көрсету бригадалары, мамандандырылған санитариялық-токсикологиялық және токсико-терапевтік бригадалар, денсаулық сақтау ұйымдары мен субъектілерінің токсикологиялық бөлімшелері ұйымдастырады және жүзеге асырады. 23. Зиянды өтеу, сондай-ақ терроризм актісінен жәбір көрген адамдарды әлеуметтік оңалту заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.