• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2016

НТВ жүргізушісі ҚР медианарығы туралы пікірін айтты

352 рет
көрсетілді

НТВ телеарнасының жүргізушісі Лилия Гильдеева Астанада өтіп жатқан Өңірлік БАҚ форумына қатысып, қазақстандық медиа-нарықтың менеджменті туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Today.kz. "Менің ойымша, қазақстандық медианарық Ресейдің 90-жылдары өтіп кеткен кезеңіне аяқ басты. Бұл қаржы жетіспеушілігі. Сонымен қатар конвергенттілік. Себебі қазір өмірлеріңізге Интернет кірді. Бірақ сіздерде біздің сол кезеңімізбен салыстырғанда мүмкіндіктер көп", - деді Гильдеева. Журналистің айтуынша, өңірлік БАҚ - қозғаушы күш. "15 жыл бұрын мен кішкентай ғана өңірлік телеарнада істедім. Қаражат жетспеушілігі демекші, 90-жылдары ерекше қиын болды. Мен қаражаты мүлдем жоқ телеарнада істедім десем де болады. Сондықтан бартер дегеннің не екенін жақсы түсінемін. Сіздерге ондай жағдайды бастан өткермеулеріңізді тілеймін!", - деді ол. Журналистің айтуынша, шетелдерде тұратын отандастары үшін де қызмет етуді естен шығармау керек. "Жоғары мақсат қою керек. Отандастарың үшін, қандастарың үшін жұмыс істеу керек. Ештеңеден қорықпаңыздар!", - деп қорытындылады сөзін Лилия Гильдеева.