• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

Елбасы VII Судьялар съезіне қатысуға келді

353 рет
көрсетілді

600-ден астам судьялардың басын қосқан VII Судьялар съезіне қатысу үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайына келді. Отырысқа Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми жетекшілік етуде. - Біздің заманымыздың билігі заман ағымына ілескен, талапқа сай табысты сот жүйесі болып табылады. Егер сот жүйесін сәтті реформалай алмасақ, біздің биік белесті бағындыруымыз екіталай. Елдің экономикалық, саяси, қоғамдық құрылымын қарқынды дамыту да мүмкін емес. Осы кезге дейін елде Қазақстанның құқық қорғау саласында атқарған жұмыстарымызға қарап, біздің еліміздің даму көрсеткіші көңіл көншітерлік деп айтуға толық негіз бар", – деді Елбасы. Нұрлыбек Досыбай, "Егемен Қазақстан".