• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

Елімізде түрмеде отырғандар саны азайды

435 рет
көрсетілді

Қазақстанда түрмеде отырғандардың саны азайды. Сонымен қатар халықаралық рейтингтік көрсеткіште еліміз 62-орынға төмен сырғыды. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан VII Судьялар съезінде Қайрат Мами мәлімдеді. 

"25 жылда түрмеде отырғандар саны 3 есеге азайды. Осы аралықта Қазақстанның халықаралық деңгейдегі рейтингтік көрсеткіші төмендеді. Түрмеге қамалғандар саны бойынша еліміз 30 елдің ішінен 62-орынға төмен сырғыды. Бұл ретте сот қызметіне енгізілген жаңа заманауи озық технологиялардың қолданысқа кеңінен енгізілуі оң септігін тигізді деуге толық негіз бар", – деді жиында арнайы баяндама жасаған Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мами.

Сонымен қатар осы озық технологияларды қолдана бастағалы бері елімізде сотталғандар саны 9,5 мың адамға кеміген.

"Біз жазалаудың озық үлгілерін пайдалана отырып, көрсеткішімізді жоғарылатудамыз. Мәселен, аса ауыр емес қылмыс жасаған немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарды отбасынан ажыратып, қоғамнан оқшауламай-ақ, пробация құрылғысын қолдану арқылы жазалау әдісі өзінің тиімділігін көрсетті. Соның арқасында біз сотталғандар санын 9,5 адамға дейін азайта алдық," – деді Қайрат Әбдіразақұлы.

Айта кетейік, Қазақстанды 62-орынға жылжытқан рейтингтік көрсеткішті анықтауға әлемнің 140 елі қатысқан болатын.

Нұрлыбек Досыбай,

"Егемен Қазақстан".