• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

Халықаралық экспедицияға дайындық жүргізілуде

340 рет
көрсетілді

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңа Жібек жолы-2017» халықаралық экспедициясының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған жобаның авторы, белгілі поляк репортер-зерттеушісі Япек Палкевич және Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің үшінші хатшысы Анджей Бобер қатысты. Яцек Палкевич экспедицияның дайындық барысы туралы ақпарат берді. Оның айтуы бойынша, жобаның негізгі мақсаты ескі континент бойынша Қытай мен Орталық Азия елдерін алдағы уақытта қосатын экономикалық белдеуді, көліктік-коммуникациялық желілерді құру болып табылады. «Жоба – ең алдымен қоғамдық байланысты, өзара түсіністікті және халықтар арасындағы достықты нығайтуға шақырады. Көне жол барлық аймақтардағы сауда, мәдениет және саясат саласындағы жоғары әлеуеттің символы болуы мүмкін», – деді ол. Экспедиция Қытайда басталып, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және Белорусия аумақтарынан өтеді, сөйтіп Польшада аяқталады. Қатысушылар алпыс күн ішінде он мыңнан аса шақырымды еңсереді деп жоспарлануда. Яцек Палкевич Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстанның елдер арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыс пен коммуникацияны дамытуда үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Айдар Өрісбаев, "Егемен Қазақстан".