• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

Головкинді жеңген боксшы комада жатыр

362 рет
көрсетілді

Әуесқой бокстағы кездесуде Геннадий Головкинді жеңген неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт Лондонда өткен жекпе-жектен кейін есінен танып, ауруханаға әкетілді. Бұл туралы sport.kz сайты L’Equipe басылымына сілтеме жасап хабарлады. Гуткнехт жұма күні британ боксшысы Джордж Гроувспен кездесіп ұтылған болатын. Кездесу 12 раундқа созылғанмен, неміс боксшы басынан ауыр соққылар алды.  Жекпе-жектен соң киім ауыстыру бөлмесінде Гуткнехт есінен айырылып, госпитальге әкетілді. Сол түні ол жасанды комаға түсіріліп, операция жасалды. Эдуард Гуткнехт 1982 жылы Шымкент облысы, Жетісай қаласында туған. 11 жасында үй ішімен бірге тарихи отаны Германияға қоныс аударды. Әуесқой бокста Германия құрамасында бокстасты, 2006 жылдан бері кәсіпқой боксшы. 34 кездесудің 29-ында жеңіп, төрт рет жеңілген.