• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

Қостанайда облыстық патриоттар форумы өтті

444 рет
көрсетілді

Қостанайда  «Менің елім—Мәңгілік ел!» республикалық акциясы аясында облыстық патриоттар форумы өтті.  Оған жастармен қатар аға ұрпақ өкілдері  қатысты. Облыс әкімі  Архимед Мұхамедов форумға қатысушыларды алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. «Тәуелсіздік жылдары жастардың қандай жетістікке жеткені кітапқа толтырылады. Біздің «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабына» осы күнге дейін өмірдің әр саласында жетістікке жеткен облыстағы 72 жастың аты алтын әріппен жазылған. Жастар Тәуелсіздік жылдары "Болашақ", "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020", "Дипломмен –ауылға!" сияқты көптеген бағдарламалар арқылы мемлекет қамқорлығын сезінді. Жастар—еліміздің болашағы, олар жеткен  табыстар арқасында Қазақстан  мойыны озық 30 елдің қатарынан орын алатын болады», - деді Архимед Бегежанұлы. Сонымен қатар өңір басшысы  патриоттар форумының  ел Тәуелсіздігін тойлайтын күнге дейін 25 жұлдызды күннің басталғанын, оның осы маңызды шарамен тұспа-тұс келгенін де атап өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тақырыбына арналған видеороликтер облыстық байқауының жеңімпаздары облыс әкімі қолынан жүлделер алды. Ардагер Кенжебек Үкин, Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының көшбасшысы Максим Споткай форумға қатысушыларды құттықтады. Мұнан кейін сахнаға бүгінде жоғары оқу орнын бітіріп, еңбекке араласып, елге қызмет етіп жүрген Тәуелсіздік  құрдастары шықты. Солардың бірі «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының» лауреаты Олжас Дүйсеков форумға қатысушы жастардың Елбасыға үндеуін оқыды.  Мерейтойлық кітап Павлодар облыстық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Жақия Қайратқа салтанатты түрде табыс етілді. Нәзира Жәрімбетова, "Егемен Қазақстан". Қостанай