• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

Алматыда жаңа екі метро стансасы салынады

364 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Алматыдағы метрополитеннің құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Міндетіміз - жаңадан салынып жатқан екі станса - «Сарыарқа» және «Достықтың»  құрылысын  2020 жылы аяқтау. Біз қаржы жоспарын қайта қараймыз. Бұл қаладағы жолаушылар тасымалын екі есе азайтуға көмектеседі. Ең бастысы - адамдар ағыны 45 мыңнан 85-90 мыңға дейін  метроға ауысатын болады (жолаушылар өсімі)», - деді Асқар Мамин. Алматы метрополитенінің өкілдері бірінші вице-премьерге «Мәскеу» стансасынан «Достық» стансасына дейінгі аралық 3,1 шақырымды құрайды деп хабарлады. «Біз қазір автобустық хабарламаларды метроға жинақтаудамыз. Барлығы осыған байланысты, адамдарды метроға жақындатуымыз керек. Күніне 85-90 мың адамды тасымалдау - қаладағы қозғалысты жеңілдетеді. Бұл маңызды жоба», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек. Қазіргі таңда «Қалқаман» және «Батыс автовокзалы» жаңа екі стансасын жобалауға қаржы бөлінген. Метрополитен солтүстік бағытта G4 City-ге дейін созылады. [caption id="attachment_75886" align="alignnone" width="560"] ????????????????????????????????????[/caption]