• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

Төрегелді Шарманов. Келешекке қалар қазына

295 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік таңы – ежелгі батырларымыздың, Алашымыздың арыстарының жаукешті замандарда, қантөгіс шайқастарда қасықтай қанын қиып, сан ғасырлар бойы  түрлі жаумен арпалыс­та сақтап қалған кең даласында бүгінгі күнде өмір сүріп отырған ұрпақтың маңдайына біткен бақыты. Тәуелсіз Қазақстанның әлем картасында шекарасы айқындалып, көк байрағы желбіреп, әрдайым бітімгерлікке бастайтын бейбіт үнінің жарқын шығуына бүгінде ширек ғасыр уақыт толып отыр. Еліміз осы кезең барысында орасан қиын жолдардан өтті. Экономикасы мен саясатын жаңадан құруға, білімі мен мәдениетін жаңғыртуға, жалпы өмірін қайта құруына  тура келді. Бұл бейбіт өмірде болған сұрапыл шайқастардай еді. Тәуелсіздік таңының атуын да зор рөл атқарған  еліміздің тарихи ерен тұлғасы – Елбасымыздың  осы жылдар бойы ұстанған сындарлы саясатының, халқымыздың маңдай терін төгіп еткен қажымас еңбегінің арқасында еліміз сын-өткелдерден сүрінбей өтіп, қазір өркениет көшімен ілесе дамып, әлемдегі алдыңғы қатардағы 30 елдің қатарына ұмтылуы – өткен ширек ғасырдағы тамаша жетістігіміз. Қазақ елі ұлы даламызды мекендеген көшпенді халықтың лайықты ұрпағы болып отыр. Елбасымыз теңдессіз «Мәңгілік Ел» идеясын тұжырымдаумен қатар елімізді «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынды. Биыл тәуелсіздігімізге ширек ғасыр толуы қарсаңында Елбасы өзінің «Ұлы Дала ұлағаттары» атты еңбегін жарыққа шығарды. Бұл алдымен, жас ұрпақ үшін жазылған, себебі, әр жолының мәні мен тәрбиесінің маңызы зор. Тарих қойнауына шеккен шынайы сапар секілді, өткенді зерделеп, бүгіннің өзекті сұрақтарына жауап қатумен қатар түрлі тығырықтан шығатын нақты амал-тәсілдер ұсынатын, сонымен қатар, болашаққа арналған батыл армандарға да қол создыратын терең ойдың жемісі. Туындыда тәуелсіздік тағдыры, ел мен жер, тіл мен дін, қандастарымыздың елге оралуы, саясат тұғыры секілді күрделі, заманауи өзекті тақырыптар қозғалады. «Отбасы – Отан тірегі» деп Елбасы отбасы мәселесін ерекше атап, арнайы бөлім арнағаны үшін алғыс айтамын. Еңбектің, әсіресе, ел болашағы – жастардың санасын биіктетіп, өресін кеңейтіп, жан-жақты біліммен сусындату жолында ақылшы құрал болатындығы сөзсіз.