• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

Елбасы Чехия сыртқы істер министрін қабылдады

213 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Чех Республикасының Сыртқы істері министрі Любомир Заоралекпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. - Чех Республикасы мемлекеттілігінің жеңіл қалыптасу үрдісін бірегей құбылыс деп атауға болады. Еуропадағы экономикалық қиындықтарға қарамастан елдеріңіз қазіргі уақытта қарыштап дамып, Еуропалық Одақ пен НАТО-ға мүше болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Л.Заоралек Қазақстан Президентіне Чехия Президенті М.Земеннің хатын табыстады және оның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар