• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

Жарамсыз көліктер қабылдайтын жылжымалы пунктер ашылады

420 рет
көрсетілді

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторлары ҚР Энергетика министрлігі және жергілікті атқару органдарымен бірге қолданыстан шыққан көлік құралдарын (ҚШКҚ) қабылдаудың жылжымалы пункттерін ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қамту аумағын кеңейту мақсатында жылжымалы пунктер облыс орталықтарынан шалғай қалашықтар мен аудандарда жұмыс істейтін болады. 2016 жылдың 27 қарашасынан микроавтобус пен эвокуатор елді мекендерді аралап, ескі көліктерді қабылдайтын болады. Қазір тұрғындар саны 100 мыңнан асатын сегіз елді мекен анықталды. Науқан өткізудің алдын ала тізіміне енген елді мекендер тізімі: Алматы облысының Ұзынағаш аудандық орталығы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласы және Жетісай аудан орталығы, Қарағанды облысының Балқаш, Жезқазған қалалары, ШҚО-дағы Шемонайха аудан орталығы, Қостанай облысындағы Рудный қаласы және Павлодар облысындағы Екібастұз қаласы. Жергілікті атқару органдар мен ӨКМ операторлары арқылы баға қалыптастырылады. Жылжымалы пункте қолданыстан шыққан көліктердің құжатын қабылдау "бір терезе" қағидаты бойынша жүреді. Яғни, мамандар сол жерде көлік құнын анықтап, келісімшарт жасасады. "Ауылдық округтерден де жаппай өтініш қабылдау мүмкіндігі де қарастырылуда. 100 аса ескі көлік жиналған жағдайда мобилді топ аталған елді мекенге барады", - деді ӨКМ операторларының баспасөз қызметінің өкілдері. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар "Ескіні өткіз де, көлік ұтып ал" конкурсын өткізуді жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарламаға қатысушы жеке және заңды тұлғамен келісімшарт жасалады, осы келісімшарт нөмірі бойынша жүлделер ойнатылады. Конкурсқа ҚР әрбір облысындағы 17 жинау пунктінде қол қойылған келісімшарттың барлығы қатысады. Жеңімпаз кездейсоқ нөмірді таңдау жолымен анықталады. Науқан шарттары auto.recycle.kz сайтында орналастырылады.