• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

АПОЭЛ Астананың ауа райына алаңдаулы

184 рет
көрсетілді

Кипрлік АПОЭЛ Еуропа Лигасының тағы бір кездесуіне бірнеше күн қалғанда Астанадағы ауа райының қатты суып кеткеніне алаңдаулы, деп хабарлады Sports.kz Kerkida.net порталына сілтеме жасап. «Қазақстандық футболшылар "Астана Аренада" −27 градуста жаттығу жүргізді. Бұл таң қаларлық жағдай! Олар өз алаңдарында не себепті жеңілмейтіндері түсінікті болды", - деп жазды портал. Дүйсенбі күні АПОЭЛ Никосияда жаттығу жасап, сейсенбі күні таңертең Қазақстанға ұшады. Команданың ресми сайтының хабарлауынша, Астанаға олар жергілікті уақытпен сағат 17:40 кезінде келеді. "Астана" - АПОЭЛ матчы 24 қараша сағат 22:00-де болады.