• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

"Қазақконцерт" Милан мен Римде концерт берді

262 рет
көрсетілді

Милан мен Римде Қазақстанның Италиядағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерт ұйымының әртістері мен шығармашылық ұжымдарының гастролі болып өтті. Қазақстан өнер шебер­лерінің қатысуымен концерттер Италияның Милан­дағы «Пиколло театро», Римдегі «Санта Чечилия» академиясы секілді атақты концерт залдарында ұйым­дастырылды. Концерттердің бағдар­ламалары қазақтың дәстүрлі музыка мәдениетінің көп­қырлылығы мен байлы­ғы­ның жарқын көріні­сіне айналды. «Ұлы Да­ла әуендері» прологы өзін­дік ой-өрнегі бар түр­кі дүниесінің ауа­нын қалыптастырды. «Қазақ­концерттің» фоль­клорлық-этно­графиялық ан­самблінің «Арлан» ұлттық костюм театрының актер-батырларымен бірлесіп орындаған қазақтың халық музыкасы көрермендерді қазақ халқының ежелгі тарихына қарай жетелегендей болды. Концертті Үкімет мү­шелері, депутаттар, Ми­лан мен Рим қалалары мэ­­рия­ларының өкілдері, уни­верситеттердің про­фес­­­сорлық-оқыту­шы­лар құ­­­рамы, студенттер мен оқушылар, Италиядағы қа­зақ диаспорасы, сондай-ақ, шетел дипломатиялық мис­сияларының өкілдері мен журналистер тамашалады. Концерттік бағдар­ламаға қазақ дәстүрлі ән өне­рінің жарқын өкілі Ер­лан Рысқали, «Шолпан» би ансамблі, әнші Әсел Қарсыбаева және басқалар қатысты. Италиялық көрер­мендер, сондай-ақ, Аян Омаров, Анар Мұздаханова, Әйгерім Қожабаева және Мира Тастенова секілді белгілі өнерпаздардың орын­­­дауында қазақтың домбыра, қылқобыз, жетіген, саз­сырнай сияқты халық аспаптарының үнін естуге мүмкіндік алды. Өзінің өнерлерін, сонымен қатар, академиялық бағыттағы әншілердің айтулы өкілдері Әйгерім Алтынбек пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов ортаға салды. Олар тек қазақ ком­по­зиторларының шығар­маларын ғана орындап қоймай, Италия опера клас­­сикасының репертуарла­рынан шедеврлерді де көрер­мендер назарына ұсынды.   «Егемен-ақпарат»