• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

Орнықты даму мақсаттары

515 рет
көрсетілді

 Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева БҰҰ-ның Резидент-үйлестірушісі – БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы Тұрақты өкілі Норимаса Шимомурамен кездесті. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мақ­саттары мен міндеттерін ұстанады, сондай-ақ Ан­тонио Гутерриштің БҰҰ-ның Бас хатшысы лауа­зымына сайлануын құптайды деп атап өтті сенатор. Жүздесушілер Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарының тұсаукесеріне дайындық мәселелерін талқылады. Іс-шара 22 қарашада Сенатта өтеді. Депутат кең ауқымды елдік бағдарламаны іске асыруға парламентшілердің назарын аударуда бұл шараның өзекті екенін атап өтті. Д.Назарбаева Н.Шимомураны «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспарының негізгі аспектілері тура­лы хабардар етті және осы бағдарламаның табыс­ты жүзеге асырылуы Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ұлттық ресурстарды жұмылдыруға ықпал ете­ті­ніне сенім білдірді, деп хабарлады Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сенатының баспасөз қыз­меті.