Жапонияда болған жойқын зілзаладан кейін мұндағы 260 мектеп өз жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды 24.kz.
Аталған елдің білім және ғылым министрлігі зілзаладан кейін қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында білім беру ошақтарын уақытша жабу туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты қазір Мияги, Фукусима, Аомори, Иватэ, Ибараки префектураларындағы меткептерде оқушыларға сабақ жүріп жатқан жоқ.