• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

Жылу беру мәселесі Үкімет назарында

369 рет
көрсетілді

Бүгiн Үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыс әкiмдерiне жылу беру маусымын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. «Биылғы жылы қараша айы жылдағыдай емес, әрi аязды, әрi қарлы болып тұр. Оңтүстiкте қар көп, солтүстiкте аяз қатты ерекше күшейдi. Осыған байланысты бiрқатар өңiрлерде жылу қазандықтары iстен шығып, тұрғын үйлер мен әлеуметтiк нысандарға жылу беру мәселесi тоқтап тұр. Жылу беру мәселесiн Үкiметтiң бiрқатар кеңестерiнде қарадық. Әкiмдiктер тарапынан дайындық барысы ойдағыдай деп айтылған болатын. Бiрақ соған қарамастан жоғарыда айтылғандай жағдайлар болып жатыр», дедi Үкiмет басшысы. Осы күндердегi қатты аяздың салдарынан кейбiр өңiрлерде апаттық жағдайлар орын алған. Отырыста әкімдер олардың бәрi қалпына келтiрiлгендігін хабарлады. Сондай-ақ, қазiргi уақытта жағдайды қатаң бақылауда ұстап отырғандарын жеткізді. «Қыс ендi басталып жатыр. Жылу беру маусымын тұрақты бақылауда ұстау керек», деп тапсырды Б.Сағынтаев. Динара БІТІКОВА, "Егемен Қазақстан"