• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

Зияткерлік меншікке қатысты заң жобасы таныстырылды

292 рет
көрсетілді

Бүгін Үкіметте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Оған Үкімет мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Құжаттың негізгі мақсаты әкімшілік кедергілер тудыратын нормаларды алып тастауға, тауар белгілері мен өнеркәсіп нысандарын пайдалану шарттарын жетілдіруге бағытталған. Жаңа заң жобасы бойынша 12 заңнамалық актіге 188 түзету енгізу ұсынылды. Жаңа құжаттың басты-басты деген бірқатар жаңалықтары бар екенін айта кету керек. Заң жобасын Мемлекет басшысының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы стандарттарына жүйелі түрде өту жөніндегі тапсырмасы бойынша ведомстоваралық жұмыс тобы әзірлеген. Заң жобасының басты жаңалықтарына нақтырақ тоқтала кетейік: Біріншіден, зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесі құрылады. Екіншіден, дауларды сотқа дейінгі реттеу мүмкіндігін кеңейту қарастырылып отыр. Атап айтқанда, аппеляциялық кеңеске тауар таңбалары мен фирмалық атаулардың ұқсастығы бойынша, сондай-ақ тауар таңбаларын агент, дистрибьютор атына тіркеу бойынша дауларды қарау өкілеттігін беру мәселесі көрініс тапқан. Үшіншіден, құқық иеленушілердің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету ұсынылып отыр. Айта кету керек, ол авторлық құқық саласындағы бұзушылықтарға қатысты өтемақыға ұқсас – 500-ден 10 000 АЕК дейін. Төртіншіден, тауар таңбаларына өтінімдерді сараптама ұйымына түскен мәттен бастап жариялау ісі қамтылып отыр. Арнұр АСҚАРОВ, "Егемен Қазақстан".