• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

Байсуфинов отставкаға кетпейді

346 рет
көрсетілді

Футболдан еліміздің бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов отставкаға кетпейді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі. Аталған федерацияның хатшысы Қаныш Әубәкіров бас бапкерге қатысты ел ішіндегі алып-қашпа әңгімелерге орай пікір білдірді. «Жаңа бапкерді іздеу бойынша ешқандай жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Ұлттық құрамаға шетелдік маманның іздестіріліп жатқаны туралы қауесеттердің барлығы жорамал ғана. Талғат Байсуфинов команданы жаттықтыруды жалғастырады және бірінші құрамамыздың бапкерлік штабының басшысы болып қала береді», – деді ол. Айта кетейік, бас бапкердің өз орнынан кететіні жайлы қаңқу сөздер ұлттық құрамамыз Дания (1:4) мен Черногорияға (0:5) қарсы іріктеу матчтарында жеңілгеннен кейін айтылған болатын. Жалпы, Талгат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып осы жылдың басында тағайындалды. Оның жетекшілігімен команда 8 кезедсу өткізді (2 жеңіс, 3 тең ойын және 3 жеңіліс).