Еліміздің Ұлттық экономика министрлiгi Маңғыстау облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнің басшысы болып Рабиға Төлеуқызы Милибаева тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Милибаева Рабиға Төлеуқызы 1963 жылдың 28 қазанында туған. Еңбек өтілі: 1987-2000 жж. - Павлодар облысының Успенск аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансысының эпидемиолог дәрігері; 2000-2001 жж. - Павлодар облысының Успенск ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері; 2001-2004 жж. - Павлодар облысының Мемлекеттік санэпидқадағалау департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы; 2004-2005 жж. - Астана қаласының Мемлекеттік санэпидқадағалау департаментінің балалар және жасөспірімдер бөлімінің бас маманы; 2005-2013 жж. - Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санэпидқадағалау Комитетінің санитарлық-гигиеналық қадағалау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы; 2013-2014 жж. - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы; 2014-2015 жж. Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы; 2015 ж. - Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, ол бұған дейін аталған Департамент басшысының орынбасары болды.