• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

Салмағы 900 грамм сәбиге ота жасалды

310 рет
көрсетілді

Павлодарда алғаш рет салмағы 900 грамм, шала туған сәбидің жүрегіне ота жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық кардиологиялық орталық туа біткен жүрек ақаулары бөлімінің меңгерушісі Тимур Райымханов мәлім етті. - Биыл 6-тамыз күні София Михачева ашық артериялық түтік диагнозымен дүниеге келген. Жүктіліктің 24-ші аптасында туған сәби үш ай бойы жасанды вентиляция аппараты арқылы демалды және салмақ қоспады. Ешқандай оң өзгеріс болмаған соң, ашық түтікті жабу туралы шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде 4-қараша күні кардиологиялық орталықтың бригадасы өткізген ота сәтті аяқталды. Бұған дейін мұндай салмақпен туған балаға ота жасалмаған. Әдетте, препараттармен емдеуге тысырасамыз. Қазір баланың жағдайы жақсарған. Салмағы бір келі 200 граммға жетті және алаңдауға негіз жоқ десе болады. Дәрігердің айтуынша, жыл сайын кардиологиялық орталықта жас ерекшелігі әртүрлі, жүрек ақауы бар 100-ден астам балаға ота жасалады.