• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

Алдағы мереке күндерінде қосымша пойыздар жүреді

282 рет
көрсетілді

Еліміз бойынша «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы алдағы мереке қарсаңында жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша 80 вагонды әртүрлі бағыттағы пойыздарға тіркейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған компанияның ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта «Алматы-Астана», «Алматы-Семей» және «Алматы-Арыс» бағыттарында қатынайтын қосымша пойыздарды шығару қарастырылуда. Сонымен қатар, тұңғыш рет отандық «Тұлпар-Тальго» зауытында жасалған кең кузовты жаңа үлгідегі вагондармен жасақталған екі жүрдек пойыз жолға шығады. Айта кетейік, 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап № 3/4 «Алматы-2-Астана» пойызы және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 11/12 «Алматы-2-Шымкент» пойызы жолаушыларға қызмет көрсетпек.