• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

«Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

726 рет
көрсетілді

Республика аумағында ақпараттандыру саласында қылмыстық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сонымен қатар, еркін саудаға тыйым салынған өнімдерді заңсыз дайындайтын, басып шығаратын және тарататын адамдарды анықтауға бағытталған «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы (бұдан әрі-ЖАІШ) өткізілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Баспасөз қызметі.  ЖАІШ-ді жүргізу барысында 248 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 194 факт бойынша авторлық құқық бұзушылық, 3 факті ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, 1 факті құрылғының IMEI-кодын өзгерту анықталды. Бұдан басқа ақпараттық технологияны қолдану арқылы 2 ұлық және интернет-тұтынушыға қатысты 6 алаяқтық тіркелген. Еркін сауда айналымындағы 19,8 мың дана тыйым салынған өнімдер тәркіленді. Оның ішінде 19,5 мың контрафактілік CD-DVD дискілер, 240 лицензиясы жоқ бағдарламалық жасақтама жинақтағыштар, 7 арнайы техникалық құрал және 166 дана басқа контрафактілік өнімдер. Мәселен, Астана қаласында сауда үйлерінің бірінде контрафактілік аудио-бейне өнімдерді дайындайтын және тарататын цех табылды. Компьютерлік техника, DVD дискілер және USB-жинақтағыштар тәркіленді. Қарағанды қаласында арнайы техникалық құралдарды тарату фактісі анықталды. Дәлірек айтсақ, жасырын пайдалану үшін аудио-бейне камерасы орнатылған қалам.