• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

Алматыда бағдаршамдар сөндіріледі

320 рет
көрсетілді

Алматы қаласының ІІД бүгін 70-тен астам бағдаршам өшіріліп, жолдар полицейлердің бақылауында болатынын хабарлады. Бұл жолдағы кептелістің алдын алу үшін жасалып отыр, дейді motor.kz. Алматыда кеше болған көлік коллапсынан кейін полиция қызметкерлері жолдағы жағдайды өз назарларында ұстамақ. Сол үшін бүгін жол-көлік полциясының инспекторлары жолдарға шығады. ІІД өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, полицейлер жол шетінде қар тазалауға бөгет жасап тұрған көліктерді эвакуатормен алып тастамақ. Сонымен қатар қысқы дөңгелектерді салу да тексеріледі. Бірақ заң бойынша жазғы дөңгелектерді 1 желтоқсанға дейін ауыстыру керек болғандықтан, оларға еш шара қолданылмайды.