• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

Ниязымбетовтің құрметіне балалар киімі шығарылды

305 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Римма Тәжібаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикер отандық өнімнің қазіргі уақыттағы даму қарқыны жөнінде әңгімеледі. «Астанада жақында ашылған «Халық маркасы» сауда орталығы қазақстандық тауармен толығуда. Бір жерге топтасқан тек ұлттық брендті тұтынушылардың қатары күн санап артып келеді. Ашылғанына бірер ай ғана болған бұл сауда алаңындағы тауарлардың барлығы отандық өндірушілердің қолынан шыққан. Шетелдік өнімдерден кем түспейді, тауарлар сапалы әрі қолжетімді», – деді Р.Тәжібаева. Оның айтуынша, отандық өнімнің басын қосқан алаңның артықшылығы, сатушылар орынды жалға алғаны үшін ақы төлемейді, тауарын тегін қояды. «Қазіргі таңда тауар айналым көлемі 30 миллионнан астам. Бүгінге дейін бұл павильонда 100 шақты компания өз орнын алып үлгерді. 10 мыңнан астам отандық тауардың үлгісі бар. Сондай-ақ 500 брендті тауар орналастыру жоспарлануда. Сол арқылы павильон 100 мыңнан астам отандық тауарға толығады, – деп мәлімдеді спикер. – Қазір біз ЭКСПО-2017 қарсаңында қаланың туристік картасына ендік, өйткені келуші қонақтардың бәрі, соның ішінде шетелдік азаматтар қазақстандық өнімді іздейтін болады. Аталмыш картаға тек отандық өнімдер сататын сауда орындары енеді. Сондай-ақ қала ішінде тек отандық тауарды саудалайтын 7 Duty Free маркеті ашылады». Сондай-ақ, шара барысында Маңғыстау облысының қолдауымен, Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің құрметіне «ZIBROO FOR АDOKA» балалар спорттық киімдерін таныстыру рәсімі өтті. Айдар Өрісбаев, "Егемен Қазақстан".