• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Швейцариялық компания геология саласын қаржыландырмақ

317 рет
көрсетілді

Лондонда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі  және «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов әлемдегі ірі швейцариялық Glencore компаниясының акционері, сондай-ақ «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Никола Поповичпен кездесті. «Қазгеология» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша жоспарларды талқылап, ортақ мәмілеге келді. Атап айтқанда Glencore «Қазцинк» ЖШС арқылы 5 болжалды учаскеде геологиялық барлау жүргізуді қаржыландыруға әзір. Олар Қазақстандағы өндірістік компаниялары бар шағын қалаларға жақын орналасқан. 2017 жылдан бастап компания аталған учаскелерде бірлескен геологиялық барлауды бастауға әзір. Бастапқы кезеңде инвестиция көлемі кемінде 10 млн АҚШ доллары болады. «Қазгеология» АҚ басшылығы Rio Tinto-ның Африка-Еуразия өңіріндегі геологиялық барлау операциялары директоры Кен Тентонмен кездесті. Кездесуде Қарағанды облысындағы  жүзеге асырылып жатқан 2 жоба бойынша екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ алдағы жылы қазақстандық кадрларды оқыту және осы салаға инновациялық технологияларды трансферттеу жайы да қарастырылды.