• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесері өтті

493 рет
көрсетілді

Жақында Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы елшілігі «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ-пен бірлесіп, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Ахарнэ қаласында «Жұлдыздар тоғысқанда» атты фильмнің көрсетілімін өткізді. Көрсетілім тұрғындарының басым бөлігі бұрынғы отандастырымыз – қазақ­стандық гректерден тұратын қалада өт­кізілсе, мұның өзіндік нышандық мәні бар еді. Шақырылған қонақтар арасында Грек Республикасының қоғам және саяси қайраткерлері, дипломатиялық корпус, іскер топ және мәдениет өкілдері, Ахарнэ қаласының басшылығы болды. Қазақстан Республикасының Грек Республика­сын­дағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Волков фильм алдындағы сөзінде «Қазақстанның Тұңғыш Президенті тек өз мемлекетінің ғана емес, көпші­лік­пен мойындалған жалпы Орталық Азияның көшбасшысы екенін, сонымен қатар, ядро­лық қаруды таратпау, қарусыздану сала­­ларына қосып келе жатқан зор үлесі әлем мемлекеттерінің басшылары мен халықаралық ұйымдар тарапынан мойын­далған тұлға» екенін атап көрсетті. Іс-шара соңында қонақтар фильмнен алған әсерлерімен бөлісті. Қазақ­стан­ның орынды мақтанышы саналатын ұлтаралық келісім саясатын толықтай қолдай­тын­дарын білдіріп, бұрынғы отандастары­на деген сағыныштарын жасырмай айтты. «Егемен-ақпарат»