• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2011

Қазақтай қайырымды халық көрмедім – дейді Чехиядан қайта оралған Валентина ПЭСТРУ

481 рет
көрсетілді

Кеңқолтық Қазақ елі талай ұлт­ты бауырына тартқан,  достық сезімінің жылы шуағына бө­ле­ген ұядай қасиетті  құт-мекен. Бұл сөзімізге еліміздегі жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың ынтымақты тірлігі дәлел. Кезінде жайлы жер іздеп, туған топырағынан қоныс аударған чехтардың бір тобы Украина, Белоруссия мен Ресейден де бай­ыз таба алмай алыстағы Ақтөбе өңіріне табан тірегелі де екі ғасырдан астам уақыт өтіпті. Қиян түпкірге келіп, тұр­мыс-тіршілігін қалыптас­тыр­ған чехтар күні кешеге дейін  бір ауылға шоғырланып өмір кешіп келді. Кеңестік жүйе­нің идеологиялық матауының мық­ты тіні шіріген жіптей үзіліп, еркіндіктің самалы ескен тәуелсіздіктің елең-алаңында әр ұлттың өзінің атамекеніне оралуына мүмкіндік туды. Негізінен Темір ауданын­да­ғы «Дружба» кеңшарында топ­тасып тұрып жатқан чехтар да  еліміз егемендік алып, ауыл шаруашылығын  жаппай жекешелендіру басталған күрделі ке­зеңде  тарихи отанына қарай қозғалудың қамына кірісті. Ақ­төбеден аттанған 30 отбасы  бастапқыда Злин, Игловогород, Кутнюгоры қалаларына қоныс­танды. Көштің алдыңғы легінде барып қалғандардан Чехия­да­ғы жағдайды сұрастыра жүріп,   сол кезде Ақтөбе қаласында тұ­рып жатқан Пэструлер отбасы да атамекеніне атбасын бұрды. Рас, талай жыл тамыр тартып қалған жылы орындарын суытқысы келмегенімен,  атамекенге деген ын­тық көңілге мұнда бәрі жақсы деген  Валентина Андреевнаның құр­бысының хаты да «отқа май құйғандай» болды. Сөйтіп, отаға­сы Иван Васильевич   зайыбы Валентина Андреевна мен  баласы Иван үшеуі Чехиядан бір-ақ шықты. Алайда, қазақтың кең даласына,  кеңқолтық  қонақ­жай­лығы мен кеңпейіл мейір­бан­ды­ғына үйренген Пэструлер келген бойда-ақ өзге бір әлемге еніп кеткендей мазасыз күй кешті. Мұнда біреудің біреумен ісі жоқ, әркім өзімен өзі, көршіңнің өзі есі­гің­нен қарамайды. Абыр-сабыр тірлік, аралас-құралас қатынасқа үй­ренген Пэструлер отбасы  жаңа ортаға тосырқай қарады, қазақ же­рін, ондағы халықтардың өз­ара тату-тәтті өмірін ойлап, ішкен астары бойларына тарамады десе де болғандай. – Шынымен де солай болды. Асығыс шешім қабылдағаны­мыз­ды кеш түсіндік. Мен өзім қазақ балаларымен бірге оқып, бірге ойнап өстім. Ол жақтың менталитеті мүлде бөлек. Біз қуанышты да, қайғына да бөлісіп, өзара ын­тымақтастық пен достық қарым-қатынасқа дағдыланып қал­ған­дық­тан, оқшау тірлікке көндіге ал­мадық. Алыстан жеткен ал­дам­­шы хабарға неге бой ал­дыр­дым деп өкіндім, Ақтөбеде тұр­ға­ны­мыз­да бізде үйіміз де, жұ­мы­­сы­мыз да, күнара хабарласа­тын достарымыз да болды. Бәрінен бұрын қазақ халқының ыстық ықыласын айтсаңшы. Міне, ол жақта біз көп нәрсе жо­ғалт­қа­ны­мызды білдік. Сон­дық­тан  2009 жылы туған Қа­зақ­­ста­ны­мыз­ға, сүйікті Ақтө­бе­міз­ге қай­та оралдық. Мен қазақ хал­қын­дай бауырмал, мейірман халық көрген емеспін. Кеткен өздерің емес пе, деп ешкім бетімізге басып, теріс айналмады. Қайта қамқор қолын созды. Об­лыс әкімі Елеусін Сағындықов тұрғын үй берді. Бұдан артық жүдеген көңілге не керек. Өзім   жабылып қалған чехтардың эт­номәдени бірлестігінің жұмы­сын жандандыруды қолға ал­дым, – дейді көңіл толқынын баса алмай Валентина Андреевна. Толқитындай да реті бар. Пэструлердің өздері айт­қа­нын­дай, қазақстандықтар үшін еу­ро­палықтардың өмір сүру дағ­дыларымен үйренісіп кету қи­ын­ның қиыны. Басқа жерде жақсы болар мүмкін, бірақ,  ұлт­тар достығы деген шын мәнінде орныққан қазақ жерінде өскендерге осы топырақтың айрықша қымбат екені шындық. – Бәрінен бұрын ұлымыз елге қайтуды талап етіп тұрып алды. Біз оны патриотизм ру­хында, туған жерге деген сүйіс­пеншілік  сезімге тәрбиелеген едік.  Қазақстанға оралу туралы дұрыс шешім қабылдаға­ны­мыз­ды мұндағылар жайылып төсек,  жапырылып жастық болып қа­былдағанда анық түсіндік. Ең ая­ғы ыдыс-аяққа дейін сатып алып берді. Облыс, қала әкім­діктері, кәсіпкерлер мен дос­тары­мыз құшақ жая қарсы ал­ған­да, қатты қателескенімізді сезіндік. Ұлым Иван облыс орталы­ғын­дағы жоғары оқу орнында оқи­ды. Қазақстан халқы Ассамб­леясы  осында мекендейтін бар­лық ұлт­тарға еңбек етуге, мәде­ниеті мен салт-дәстүрін дамытуға мүмкін­дік беріп отыр. Экономикалық күрделі кезеңде облыстан кеткендер Қазақстан сияқты қарқынды дамыған елімізге оралуға құлық­ты, – дейді Валентина  Пэстру. Ақтөбе қаласындағы «Дос­тық» үйінде чехтардың этномә­дени бірлестігі жұмыс істейді.Қазір осындағы  жексенбілік мек­­тепте Ольга Савина чех тілінен сабақ береді. Этномәдени бірлестік қоғамдық-саяси және мәдени шараларға белсене қа­ты­сады. Ұлт­тық тағамдар бай­қауы, ұлт­тық қолөнер туынды­ларының көр­мелеріне қатыса­ды. Соның басы-қасында қашан да өзі өскен ортаға аңсап орал­ған Валентина  Пэстру жүреді.  Азғантай уақыт Ақтөбе­сі­нен жырақта болған олар мұнда өз­дерін  еркін сезінетінін айтудан жалықпайды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.