• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2011

Еңбек ұжымдарымен кездесті

422 рет
көрсетілді

Кеше елордада «Қазақстан-2020» Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы қалалық филиалының мүшелері «Теплотранзит» және «№1 автобус паркі» акционерлік қоғамдарының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге қатысушылар Қа­зақ­стан Республикасының кезектен тыс президенттік сай­лау­ына кандидат Нұрсұлтан На­зарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдай­тын­дық­та­рын білдірді. «Қазақстан-2020» Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының қала­лық филиалына елордадағы қо­ғамдық және саяси күштер, мә­дениет пен білім беру сала­ла­рындағы беделді кісілер мүше. Бүгінде демократиялық күштер коалициясы бас біріктіре оты­рып, елімізде жүзеге асырылып жат­қан саяси үдерістерге, әлеу­меттік және экономикалық жетістіктерге қолдау көрсетіп келеді. Еңбек ұжымдарының кездесуіне президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сенім білдірілген адамдары – «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Рахымжанов, Астана қалалық мәслихатының депутаты А.Байгенжин, сондай-ақ Жалпыұлттық демократия­лық күштер коалициясына кіретін саяси партиялардың өкіл­дері қатысты. «Егемен-ақпарат».