Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, тек Республиканың батыс аймақтарында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлады Казгидромет.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, Жалаңашкөл ауданында екпіні 22-27 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 25 м/с, оңтүстік-батыс бөлігінде кей уақытта 30 м/с-ға дейін күшейеді.