• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

Лондонда жаттығу жасағандарға тегін тамақ беретін дәмхана ашылды

372 рет
көрсетілді

David Lloyd Clubs фитнес-клубтар желісі Лондонда дене жаттығуларын жасағандарға тегін тамақ беретін дәмхана ашты, деп хабарлады Daily Mirror. Run for Your Bun атты тамақтану орнында алты минуттық белгіленген бағдарламаны орындап, тегін түскі ас алуға болады. Бағдарламаға енетін жаттығулар арасында 30 секунд қана демалуға мүмкіндік бар. Жаңа дәмханаға British Heart Foundation деген қайырымдылық ұйымы қаржылық қолдау көрсетеді. Дәмхананы ашпас бұрын David Lloyd Clubs зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, адамдардың 90 пайызы күніне сегіз сағат кеңседе отыратынын анықтаған. Яғни, бұл адамдар бір жылдың ішінде 1576 сағатты (шамамен 65 күн) бір орында қозғалмай отырумен өткізеді. Зерттеуге қатысқандардың үштен бірі, тіпті, түскі асты да кеңседе ішетінін айтқандықтан, аталған компания жаңа үлгідегі дәмхананы ашқан.