• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №883

380 рет
көрсетілді

2016 жылғы 28 желтоқсан Астана,  Үкімет Үйі Алматы облысының кейбір білім беру  ұйымдарын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аума­ғын­­дағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағи­даларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Алматы облысының мынадай білім беру ұйымдары: 1) «Ушинский атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі – «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» мемлекеттік мекемесі; 2) «Герасимовка орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сапақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі; 3) «Дзержинск орта мект­ебі» мем­ле­кеттік мекемесі – «Алакөл ауда­ны­ның білім бөлімі» мемлекеттік меке­месінің «Тоқжайлау орта мектебі» мемлекеттік мекемесі; 4) «№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі – «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Омар Молда­ғожин атындағы орта мектеп» мем­лекеттік мекемесі; 5) Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Ақши орта мектебі» ком­муналдық мемлекеттік мекемесі – «Еңбек­шіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бөлек батыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 6) Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Қаратұрық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 7) Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлі­мінің «Таусүгір орта мектебі» ком­муналдық мемлекеттік мекеме­сі – «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Садық Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 8) «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.К.Крупская атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Қарасай ауданы­ның білім бөлімі» мемлекеттік меке­м­есінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ұлан орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 9) «Қарасай ауданының білім бөлі­мі» мемлекеттік мекемесінің «М.В.Ломоносов атындағы орта мек­тебі» ком­муналдық мемлекеттік мекемесі – «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шал­қар орта мектебі» коммуналдық мем­лекеттік мекемесі; 10) Райымбек ауданының «Жайдақ­бұлақ орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Райымбек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сейдахмет Босқынбаев атындағы орталау мектеп» ком­мунал­дық мемлекеттік мекемесі; 11) «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 Кеген орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекеме­сі – «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 12) «Сарқан аудандық білім бөлі­мінің Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Сарқан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мек­теп­ке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 13) «Сарқан аудандық білім бөлімінің Қарғалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммунал­дық мемлекеттік мекемесі – «Сарқан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 14) «Бөдеті орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі – «Ұйғыр ауданы­ның білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Нүсіпбек Исахметов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қол­данысқа енгізіледі.  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ