• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 17:35

Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0 рет
көрсетілді

Синоптиктер 23 ақпанда Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, Алакөл көлдері ауданында секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде және шығысында кей уақыттарда қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Күндіз және түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр. Көкшетауда 23 ақпанда қар жауып, бұрқасын болады, түнде кей уақытта қалың қар түседі. Желдің түнгі екпіні секундына 15-20 метр.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15-20 метр. Алматыда және Қонаевта 23 ақпанда түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбеде 23 ақпанда түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Облыстың батысында және оңтүстігінде қалың қар жауады, солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз оңтүстігінде секундына 25 метрге дейін жетеді. Павлодарда 23 ақпанда қар жауып, бұрқасын болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Күндіз солтүстігінде және шығысында қалың қар түседі, түнде оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей уақытта секундына 23 метрге дейін жетеді. Өскеменде де желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей уақытта секундына 23 метрге дейін күшейеді.

Абай облысында түнде және күндіз қар жауып, бұрқасын соғады. Оңтүстігінде көктайғақ болады, түнде тұман күтіледі. Желдің екпіні түнде секундына 23-28 метр, күндіз секундына 23-28 метрге дейін жетіп, кей уақытта секундына 30 метрден асады. Семейде 23 ақпанда қар жауып, бұрқасын соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей уақытта секундына 23 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында кей уақытта тұман күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Таразда 23 ақпанда тұман болады.

Қарағанды облысында қар жауып, бұрқасын соғады, тұман күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Қарағандыда да желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Ұлытау облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, тұман күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Жезқазғанда түнгі екпін секундына 15-20 метр.

Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын соғады, тұман күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Петропавлда түнгі екпін секундына 15-20 метр.

Қызылорда облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Түркістан облысында тау асуларында желдің екпіні секундына 15-20 метр. Шымкент пен Түркістанда 23 ақпанда тұман күтіледі.

Астанада 23 ақпанда кей уақытта қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Батыс Қазақстан облысында да тұман күтіледі.

 Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды

Соңғы жаңалықтар