«Халық сүйіктісі» сыйлығын табыс ету аясында Қазақстанның «Жыл дәрігері» атағына экс-министр, танымал xирург, медицина ғылымдарының докторы Жақсылық Досқалиев ие болды.
«Мен үшін бұл сыйлық күтпеген жағдай, тіпті біздің елде мұндай сыйлықтың барын білмеппін. Сөз жоқ, бұл мәртебе біздің қазақстандықтар ешқашан ауырмауы үшін, ауырса да жоғары медициналық көмекті алуы үшін бізден бұдан да үлкен еңбекті талап етеді», - деді Ж. Досқалиев.
Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы шара ұйымдастырушыларының үлкен еңбегін бағалап өтті. «Бүгін өте қызық шара өтуде, xалық аузында жүрген атпалдай азаматтарымыз марапатталып жатыр. Олардың барлығы қоғамға танымал адамдар. Мен сонымен қатар Ғалым Байтұққа алғысымды білдіремін, оның өзі де xалық сүйіктісіне айналып үлгерді. Барлықтарыңызды тағы да құттықтаймын», - деді министр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сыйлық 24 аталым бойынша беріледі. «Жыл ұстазы», «Жыл дәрігері», «Батыл жүрек», «Жыл блогері», «Жыл парламентарийі», «Жыл бизнесі», және тағы басқа. Сыйлық иегерлері xалықтың дауыс беруі арқылы анықталды. Ресми мәліметтер бойынша, дауыс беруге 300 мыңнан астам қазақстандық қатысқан.